Лидия Кәденова болашақ келінімен танысты.

 

      Бұл бағдарламада қосағына адал жандар мен сезіміне берік жандар бас қосады. Ерлеріміз бұл жолы бәсекелестік көрсетудің орнына, ерлердің нағыз ынтымақтастығын, достығын көрсетті. 

       Ойынға Қазақстанның танымал жұлдызды жұптары қатысады. Жүргізуші Баян Есентаевамен бірге төрт ару  сайысқа кімнің ері қатыса алатындығын анықтайды. Сайыстар көңілді әрі күрделі. Дұрыс ұтыс тігу үшін аруларға жақсылап ойлану қажет. Ерлер шешімді өзгерте алмайды. Өйткені, олар бөлек бөлмеде отырады. Отбасы - бір-бірін сүю ғана емес, жан дүниесін түсіну. Сондықтан, ерлер өз жарларының ақылына, ішкі түйсігіне сүйенеді.

      Лидия Кәденованың ұлы Дидар Кәден «Саған сенемін. Мой лучший» жобасында анасын болашақ келінімен таныстырды. Сері жігіттің жүрегін жаулаған қай ару?

      Бірінші сайыста ерлер өздерінің үй шаруасына ептіліктерін көрсетті.  Жігіттер жуған ыдыстар бақытты. Бірақ, ыдыс-аяққа араласпайтындары көрініп-ақ тұр. Барлығы алғашқы сында тең түсті.

     Танымал комментатор, журналист Амангелді Сейітхан күнде қызанақ теріп жүрген сияқты. Тапсырманы еш қиналмастан орындап шықты. Жары Назгүл ханым еріне көмек беріп, қолдау көрсетті. Бірлік бар жерде тірлік бар.

     Дидар мен Дана тапсырманы үтір-нүктесіне дейін дұрыс орындады. Қалада өскен Дидар шаруашылыққа жақсы екен. Аз уақытта ағаш кесу еш қиындық тудырған жоқ. Жарасымды жұп жұмысты атқаруы да жарасымды шықты. Жарайсыңдар.

Нағыз таңдаулы отбасылар қатысатын, нағыз ерлердің достығы дәлелденетін «Саған сенемін. Мой лучший» думанын жексенбі күні, сағат 19.00-де тамашалаңыздар.

https://www.youtube.com/watch?v=wfltb8yulRo



Бөлісу: