Ли Мен Бактың сәттілік сыры мынада жатыр...

Ли Мен Бактың сәттілік сыры мынада жатыр...
жеке
блог

       Ли Мен Бактың «Чудес не бывает» атты кітабының қазақша аудармасын оқып, ұнаған жерлерін түртіп алғаным бар. Солармен бөлісіп жатқаным ғой, бір пайдасы тиіп қалар деп....

Ендеше, Ли Мен  Бак мырза былай дейді:

1. Көп адамдар жұмыста адамның тамыр – таныстығына, жерлестігіне көп мән береді. Мұндай жерде ешбір іс алға баспайды, ақсай береді.

2.Егер кедей адам үнемі адамның көмегін қажет ететін болса, онда ол өмір бойы кедей болып қала береді. 

3. Біз жеңістен емес, жеңілістен сабақ аламыз.

4. Жетістігіңді есте сақтап қажеті жоқ. Оны басқалар есте сақтасын. Бірақ, өзіңнің жеңілісіңді мықтап есте сақта. Оны ұмытар болсаң, бір күні қайталануы мүмкін.

5. Президент Чонг «Осы жобадағы тапшылықты жоюға тырыс» десе мен өз-өзіме қайтсем де пайдаға қол жеткізу мақсатын қойып, қол жеткіземін. Осындай табыс – компания үшін күтпеген пайда, ал мен осыған рухани қанағаттанамын. Осы сезім үшін жұмыс істеймін.

6.Осы іс мүмкін емес деген себептер табады. Сәтті болады деген мүмкіндіктің 1% пайдаланып нәтижеге жетеді.

7.Өз мінездеріңді өзгертіңдер. Осы жұмыс менің мінезіме сәйкес келеді-келмейді демей, өз мінезіңді жұмысқа сай өзгерт. Бір рет қашып кеткен адам өмір бойы қашып жүре береді.

8. Егер бастық алғыр емес болса, оған ең алғыр бастық ретінде қатынас жаса. Оның өзгеруін тосу, оның пікірін өзгертуден еш пайда жоқ. Бастық адамды өзгертуге болмайды, одан да өз мінезіңді өзгертіп жағдайдың қожайынына айнал.

9. Алдыңда тұрғандармен салыстырғанда неғұрлым көп жұмыс істегенде ғана оларға жете аласың.

10. Жұмысқа билік ету – уақытқа билік ету. Мен өз жұмысым мен уақытымның қожайынымын. Жұмысы көп адам барлығын істеп бітіруге үлгереді. Сондықтан күйзеліс те жиналмайды. Күйзеліс жұмысты немқұрайлы орындағанда, жұмыс сені мәжбүрлегенде туады. Ал мен күйзелісті дәл осы жұмыспен жеңемін.

11. Ақшаны адал, заңды әдіспен табу керек. Тек сонда ғана ақша сеніммен жұмсалады.

12. Жұмыс істегенде басқа бір затты ойламай, тек атқарып жатқан ісіңе ғана көңіл бөл. Сонда ғана демалыстың тамаша кезеңіме рахаттануға болады.