Қадір түні - қасиетті түн! Бұл туралы көпшілігімізге аян Құран Кәрімнің "Қадыр сүресінде" айтылған! Бес аяттан тұратын сүреде Құранның Қадыр түнінде түсірілгендігі, оның мың айдан қадірлі екендігі, бұл түнде Жәбірейіл періште Алла әмірімен жер бетіне түсіп, адамдарға қызымет еткендігі және таңға дейін тыныштық болатындығы айтылады!!!
Қадір түні барша мұсылман қауымы мешітте немесе үйде күтеді! Періштелер осы түні жерге түсіп мұсылмандарға тілеулес болады!
Бірде Айша анамыз Пайғамбарымыздар (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм):"Уа, Аллаһтың елшісі! Егер Қадір түніне жетсем қандай дұға оқиын?"-деп сұрағанда, Ол:"Аллаһумма, иннәкә афуун, тұхиббул афуна, фаафу анни"(Уа Аллаһ! Сен тым кешірімдісің, кешіруді жақсы көресің, меніде кешіре гөр!) деп дұға ету керектігін үйреткен!
Арабшадағы "Қадр" сөзі қадырін білу деген мағнаныда қамтиды! Олай болса қадірім артсын десеңіз, бұл түннің қадірін біліңіз!!! Бұл түні таң ағарып атқанға дейін Аллаһ Тағаланың мейірімі төгіліп тұрады!
Бұл түні ойлаған ниеттірініз қабыл болып Алланың нұры жаусын! Кімде-кім қадір түнің күтсе астыға отырғанынызды жазыңыз!