«Латын» халықты жас пен кәріге қақ жарды
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде қабылданған "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" мақаласында, қазақ әліпбиінің латын қарпіне көшірілуі жайында талқыға салынған болатын. Түрлі өзгерістерге ұшыраған бүгінгі күнгі әліпби нұсқасы алғашында көбісінің көңілінен шықпаған-ды. Бір сөзбен айтқанда, халық оны жылы лебізбен қарсы алмады. Не дегенмен де, келешекте латын әліпбиі бәрібір де қолданыста жүретіні сөзсіз.
Енгізілген бұл жаңалық, халықта екі түрлі пікірталастар туғызғаны әбден анық. Еліміздің жастары төл ана тілімізді латын қарпіне ауыстыруын жақтаса, көпшілік ересектер қауымы келіспеушілікке келіп тоқталды. Шынында да, үйреншікті кириллицамен өсіп келген ересектерге мұндай координальді өзгерістерді қабылдау қиынға соқтырады. Ал, жастарға бұл үздіксіз БАҚ-ның өзгерісі, яғни оларға бұл жаңадан ашылған заңдылық,я таңғажайып нәрсе еместігі түсінікті. Ұдайы болатын өзгерістерге дайын жастар көзқарасы әрине де, ересектерден өзгеше болады.
Екі тұстан да, артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстыра қарап отырғанның өзінде де, латын әліпбиінің пайда болуымен халықты жас пен кәріге қақ жарғанын көреміз. Әрине, еліміздегі бұл екі түрлі ойдың қалыптасуына себепші болған әліпби көшіру мәселесі.Оны көпшілік жақтамады деп, жойып та жібере алмаймыз, себебі қазіргі уақытта ұялы телефондарда жарнамалар, хабарламалар латын әліпбиімен жазылуда. Сонымен қатар, интернет желісінде де латын әліпбиіне аударатын транскрипция орнатылған, бірақ орыс графикасында ғана жасалған. Латын әліпбиімен көшуде осындай бастапқы жұмыстар атқарылып отыр. Қазіргі латын қарпіне көшіру процессі, елдегі толықтай бір пікірдің қалыптасып, келешек ұрпақ қолданысында,төл әліпбиіміз ретінде қабылданатынына сенімдіміз.