кейбір дыбыстардың таңбалары неліктен көрсетіліп отырған түрде алынғаны туралы түсінік берейік.
1. Латын әріптерінің оқылуы европа елдерінің сөздеріндегі дыбыстарға барынша ұқсас;
2. Барлық әріптер дүние жүзі қолданып жүрген әріптер мен таңбалар кестесінде бар әріптер;
3. Барлық жіңішке дыбысты төбесіне сызықша қою арқылы белгіленеді. Математикадағы вектор ұғымына қарсы келмеуі үшін сызықшаны доға түрінде қойған жөн. Нүктелердің санына байланысты оларды бір не екі дәрежелі туынды деп қате түсінуі мүмкін болатындығынан нүктемен белгілеу де жарамайды;
4. Латынның c әріпі 30-шы жылдардағы қазақ жазуында бұл әріп ш болып оқылған;
5 Мұхтарбай Өтелбаевтың ескертуінен кейін «ŋ» әрпі «ң» дыбысын алмастырды;
6. Кейінгі жылдары «қ» дыбысын «q» арқылы белгілеу үрдіс алып келеді. Ал «ғ» дыбысын «ĝ» әрпімен таңбалаймыз;
7. «W» әрпі «ұ» дыбысын алмастырды, өйткені дыбыстарды шығару үшін демді ерінді шамалас домалақтап шығару керек;
8. «ф», «в» әріптері басқа тілден енген сөздерде және аты жөнімізді жазу үшін қолданылып жүр. Оларға сәйкес «v» және «f» әріптері латиницада бар, бірақ бұл дыбыстар бұрын қазақтың сөзінде болмаған. Бұрын «вагонды - бәгөн», ал «Фатиманы - Бәтимә», - деген. Қолымыздан келсе сол қазақшамызға қайта оралуымыз керек. Аты-жөнімізді бара-бара түзетіп алармыз в әріпі болмаса;
9.«И», «я», «ю» әріптері жобаға кірмеді. Бұл жобаны енгізу барысында соңғы 50 жылда жасалған қазақ емлесіне қайшы келіп жүрген қателіктер түзетілуі тиіс. Мысалы «сою» сөзі оның түбірінен таратылып «сой» + «ыу» = «сойыу» болып өзгертіліп «soіyu» болып аударылуы керек. Сол сияқты «суса», «сиыр», «мая», «ою» сөздері сәйкесінше «swusa», «syіyr», «maіa», «oіyu» болып аударылуы керек.
10. Тілімізге жат дыбыстарды білдіретін әріптер («ц», «щ», «ъ», «э», «ч», «ь») қатысқан басқа тілден келген терминдер өз тіліміздің барлық заңдылығына сәйкес икемделіп алынып аударылуы керек.
Қазақ әліпбиін ұтымды, озық түрде жасасақ, бұл біздің латын әріптеріне көшуде кешігіңкірегеніміздің есесін қайтаратын, еңсемізді көтеретін, жазуларын әлі ауыстырмаған туысқандарға үлгі болуға жарайтын тамаша іс болар еді.
Қолданылған әдебиет
Уатай Ж. О звуковом строе и гармонии гласных в казахском языке. Сб. науч. трудов Акмолинского инженерно-строительного института. Акмола, с.430-438. Уатай Ж., Каюпов Т. Проект казахского алфавита, удобного для использования в компьютере. Ана тілі. 1995, № 48. Уатай Ж. Казахский алфавит на основе латинского. -Свидетельство Агентства Интеллектуальной собственности № 295 от 09.06.1995 Уатай Ж. Латын әрiптерiне негiзделген қазақ әлiпбиiнiң жобасы. - Қазақ тiлi мен әдебиети, 1996, №3, 107-110. Уатай Ж. Проект казахского алфавита, основанный на латинской графике. Казахский язык и литература. 1996, №3, с. 107-110. Уатай Ж. Пути построения казахского алфавита. Казахский язык и литература. 1999, №1, с. 3-7. Каюпов Т.К., Морзабаев А.К., Уатай Ж. О преимуществах перевода казахского письма на латинский алфавит. Региональная научно-методическая конференцция. «Университет - образовательный, научный и культурный центр». Астана, 1999. Уатай Ж. Қазақ әлипбиін құру жолдары. - Қазақ тiлi мен әдебиеті, 1999, №1 Уатай Ж., Каюпов Т. - Мемелекеттiк тiл мәселелерi. Жазу мен емле – Үкiмет жаршысы, 2000, № 8 Уатай Ж., Каюпов Т. – А с латиницей казахский изучить проще! – Инфо-Цес – 2000- № 27.11. Самый оптимальный проект латинизации казахской письменности
Латиница жобасындағы пернетақтаның суреті
https://vk.com/doc239758952_450677576
Латиница жобасына қосымша енгізілген әріптері бар 130 шрифт
Кейбір пікірталастардан үзінді
Кирилл әліпбиіндегі жобаға кірмеген әріптері бар сөздерді не істейміз?
Мұхтарбай Өтелбаев жобаны қолдады және ескертулер жасады
25 әріп пен 8 диграфтан құралған латын графикасының түзетілмейтін қателері
Латиницада жазылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны
Ертегілер Мақта қыз бен мысық, Бір үзім нан, Алтын сақа, Тазша бала