«... қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық»
Н.Ә.Назарбаев
Қазіргі таңда латын әліпбиіне көшу еліміздегі өзекті мәселердің бірі.Елбасы қазақ тілін біртіндеп латын тіліне көшірілетіні жайлы «Болашаққа бағдар: рухани жаңарту» мақаласында жариялаған болатын.Бұл мақаланың «Таяу жылдардағы міндеттер» деген бөлімінде қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің маңызды екендігі жайлы мәлімдеген болатын.Латын әліпбиінің бізге беретіні мол екендігінде ескергеніміз жөн.Бұл әліпби қазіргі кезде көп елдерде қолданыста.Көршілес жатқан Өзбекстан,Түркия елдерінде кеңінен таралған.Латын әліпбиіне толық көшу 2025 жылға дейін созылмақ.Кириллица әліпбиін латын әліпбиіне ауыстыру жөніндегі пікерлерден зиялы қауымда шет қалған жоқ.Халықтың басым көпшілігі әліпбиімізде өзгеріс жүргізуіміздің дұрыс екендігін қолдауда.Жалпы,әліпбидің өзі жайлы айтатын болсақ,алфавитте 32 әріп бар.Қазақтың төл дыбыстары апостроф арқылы белгіленген.Елбасының 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 жарлығымен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі (сурет):