Қызыңыздың қуыршағы қандай?
блог
Қызыңыздың қуыршағы қандай?
Жасы 5-ке енді ғана толған ойын баласы – Айша. Қыз бала болғандықтан ,әрине, әдемілікке әуес. Ойыншықтары да көп-ақ. Бірақ ол көбінесе қуыршақпен ойнағанды ұнатады. Еркелікке салынып, өкпелеген немесе жылаған кезінде сүйікті қызын қуантудың бірден бір амалы әдемі жаңа қуыршақты сыйлау екендігін әкесі де жақсы біледі. Бұл жолы да дәл солай... Күнделікті қарбалас, жұмыстан шаршап келе жатқан Айшаның әкесінің ойында қызының тәтті қылықтары ғана. Тезірек үйге жету амалын ойластырып, әке жүрегі қызына қуыршақ алуды жөн көреді. Жол жөнекей үй жанындағы қуыршақ дүкендерінің біріне кіріп, көптеген қуыршақтардың ішінен дәл сол бір қуыршақты таңдап алады. Пәтерінің есігін қағып, есікті ашқан жұбайының артынан әкесінің келгенін іштей түсініп, анасының аяғына оратылып тұрған Айшаның қолына қуыршақты ұстата қояды. Қызының көңіл-күйінің күндегісінен ерекше көтеріліп, мәз болып жүргеніне әке жүрегі де мәз. Айша қуыршақпен біраз ойнады. Шаш үлгісін де бірнеше рет ауыстырып үлгерді. Ендігі кезек оның көйлектерін ауыстыру. Қуыршақтың көйлектерін бірінен соң бірін ауыстырып, анасына: «Мама, мына көйлек қалай? Мен бұл қуыршаққа Лило деп ат қойдым. Лилоға мына көйлек жарасады ма?!» деп жатыр. Анасы Айшаның әкесіне ас қамымен қызының сөздеріне аса ден қоймады. Біраз уақыттан кейін Айшаның дауысы ата-ананың кешкі ас үстіндегі жарасымды әңгімелерін бөліп жіберді. Қолында қуыршағы бар Айшаның ас бөлмесіне жүгіріп келіп, « Мама, мына қуыршақтың іші неге сонша шығып кеткен ?» деген сауалы анасының назарын бірден аударды. Әкесі де бір сұмдықты сезгендей, Айшаны өзге бөлмеге ойнауға шақырып алып кетті. Анасының қолында сол бір қуыршақ... Қызының айтқаны шынымен дәл келді. Қуыршақтың іші томпайып, ерекше шығып кеткен. Бұрын сонды бұндайды көрмеген ана саусақтары дір-дір етіп, қуыршақты тексере бастады. Сөйтсе, әлгі сұмдықтың іші ашылып, жатырынан кішкентай «сәби» қуыршақ шыға келді. Қуыршақтың талайын көрген, десек те, бұндай сұмдықты бұрын сонды көрмеген ана жүрегі сол түні « Мама, менің жаңа қуыршағым қайда?» деген қызына не дерін білмей, әңгімені басқа арнаға бұрып, «Мен саған ертең жаңа, одан да жақсысын алып беремін» деумен болды. Қызын тәтті ұйқыға жатқызса да, өз құлағынан «Қызым, Айшатай, мен саған ертең басқа әдемі қуыршақ алып беремін» деген өз дауысы кетпеді. «Ертең ол қайда барады, бұл оқиғадан кейін қандай қуыршақ алады?» дәл осы масқара сұрақтар ана ұйқысын ұрлады...
Елімізде әр жыл сайын Қытай елінен сан түрлі ойыншықтар түрі тасымалданады. Осыған дәлел, әлем ойыншықтарының 95 пайызы Қытайда құрастырылады екен. Сапасы жағын қайдам, қазақ отбасында жоғарыда жазылған әңгімедегідей оқиғалар соңғы уақыттары жиі кездесіп келеді. Кедендік тасымал бөлімінде әрбір зат ерекше қадағалаудан өтеді. Ең басты назарды талап ететін заттардың бірі –есірткі. Сол есірткінің аз ғана мөлшері адам өмірін ажалға айналдыруда маңызы зор болса, бұндай ойыншық түрлері сәбилер үшін де дәл солай. Алаңға салатыны, бүлдіршіндеріміздің тәрбиесі, келешек өмірі, ертеңгі болашағы. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дейді дана халқымыз, ата-ана тарапынан бала тәрбиесі қолға алынады-ақ, дегенмен, ойыншықтың да бала тәрбиесінде орны зор. Бұл жерде келтірілгені, бір –ақ мысал, бір ғана отбасында болған мысал және бір ғана қуыршақ ойыншығы салдарынан болған мысал. Ал, осы сынды өзге де ойыншық түрлері асып түседі. Сөйлейтін ойыншық түрлерінің адам ауызы бармайтын дөрекі сөздерді айтып жататыны, олардың қимыл-қозғалыстары, істеген қылықтары тағысын тағы. - «Тәрбие басы тал бесіктен басталады» деген сөз бекер айтылмаса керек. Бала ойын арқылы әлемді танып біледі, даму процесі жүреді. Әсіресе, ойын баласының қоршаған ортаға қызығып, ата-анасына сұрақ жаудыратын кез де осы. Әлбетте, мұндай қуыршақты көргенде баланың сұрақ қоятыны рас. Ал ең бастысы – ата-ана бұл сұраққа қалай жауап береді. Бұндай ойыншықтар баланың психикасына кері әсерін тигізеді. Баланың жүйке жүйесі зақымданып, өз жасына лайық емес ақпаратты қабылдайды. Көзбен көрген бейне санасында мәңгі жатталып қалуы да ғажап емес. Ал ең бастысы сәби оны жақсы жағынан қабылдауы мүмкін,- дейді өз сөзінде психолог Меруерт Үсенова. Мәселе, ойыншықты дұрыс таңдауда ғана емес, ұлттық құндылығымыздың тым төменде қалуы да бар. Өз мемлекетімізде ойыншық шығарылмауы бұл үлкен проблема. 2010 жылы бастау алған Қыдырәлі Болмановтың «Бал-бала» ойыншықтар шығару компаниясы- қазақтың тамаша ойыншық түрлер. Тазша бала, Алдар-Көсе, Ер-төстік тіпті жан-жануарларды да қазақша сөйлетіп, әнің сайратқан. «Әттеген-ай» дейтін тұсы да жоқ емес. Әрбір отбасының жағдайы бұл ойыншықтардың бағасын көргенде қалтасы көтермейді. Оған бірден бір себеп компания ойыншықтары Гонконг пен Гуанчжоу қалаларында жасалады. Бізді әлдеқашан артқа тастап қытайлықтар, сол ойыншықтардың сан түрін шығарып жатыр, десек те, ниеті түзу емес. Қара қытайлар әлемді жаулайды, сол қытайлықтарымыз әлемді қанмен болмаса да, соғыстың үлкен күші саясатпен бағындыру үстінде, ең бастысы еліміздің ертеңгі болашағы сәбилерімізді де өз құрықтарына түсіргені ме?! Әрбір отбасы – мемлекет. Сол мемлекетіміздің ертеңі сәбилер. Әрбір сәби сізге - немере, оған - бала, маған – іні, қарындас, сол себептен де ойыншық таңдауда абай болыңыз!