Қызың Монстр болса...

Біраз уақыт жұмыс таба алмай жүрген, жігіті тастап кеткен қыздың бар жұбанышы ішімдік болса, қиын екен. Жолы болмай жүрген қыз «Ауыл, қайдасың?!» деп туған өлкесіне кетеді де бала кезде бірге өскен досын кездестіреді.

Көзіміз үйренген жанр бойынша, олар бірге жүріп, қосылып, үйленіп, көп балалы отбасына айналады. Ал бірақ, бұл фильмде барлығы өзгеше. Себебі, фильмнің аты «Менің қызым – Монстр»

Басты рөлде белгілі актриса Энн Хэтэуэй, ол – Монстр. Есімі – Глория. Жігітімен айырылысып, жұмыс таба алмай жүрген Глория өзінің алдағы күні жайлы ойламайды. Бар ермегі – ойын-сауық пен ішімдік. Күндердің күнінде өзінің монстр екенін біліп, өмірге деген көзқарасы өзгереді. Ал оның қалай монстр болғанын білгіңіз келсе, киноға барыңыз.


Кино - фантастикалық комедия. Қызықты мен мұңаятын сәттері бар. Ақ пен қара бақталасын да көруге болады. 

Фильмді елден бұрын көруге мүмкіндік берген «Меломан» компаниясы мен «Star Cinema» кинотеатрлар желісіне алғыс білдіремін!



Бөлісу: