Қызым, саған айтамын
блог
-
Еңсемнің еңсермейтіні, ойымның аласырмайтыны - әжемнің үнемі айтудан жалықпайтын өнегелі өсиетінің санама сіңуі, бойыма даруы деп білемін. Ес кіріп, тіл шыққалы – әжемнің етегіне жармасып, тамағына таласып өскен жандардың бірі мен едім. Ә, дегеннен-ақ сөз саптауы бөлек еді. Жиын болсың немесе кісі қарасы көп жерде сөз алғанда келген мейманның аузын аштырып, бәрі де құлақ түре ұйып тыңдайтұғын.Ата-анамның тәрбиесінен бөлек, осы үлкен кісінің тәрбиесінде өстім.Сондықтан мен әжемнің айтқан бірқатар ақыл-өсиетін айта кетейін. Сізде құлақ түріңіз, оқырман!
–Қызым, үлкендердің алдын кес-кестеме,одан бұрын орағытып сойлеме...
- –«Ұлық болсаң,кішік бол» - дегендей, жасы үлкендерге сәлемдесіп, қол ұшынды беруге әзір тұр...
-
–Жақсылық жасасаң, ешқашан міндетсің бе? Адамнан қайтпаса да,Алладан қайтады...
-
–Үнемі таза жүр, «тазалық денсаулық – кепілі»...
-
–Үйді таза ұстап,артыңды жинап жүр. Көрген кісі «қыздың жиған жүгіндей» мұңтаздай таза дейтің болсын...
-
–Отбасыңда қандай да бір қиындықтар, кекілжіңдер болса сыртқа шашпа...
-
–Бөгде адамдарға сырыңды ашпа...
-
– Көпшілік орта өзіңді еркін ұста, ерсі күлме...
-
– Етегің ұзын болсын, тілің қысқа болсын...
-
–Кімде-кім көңілге қонымсыз сөз айтса да,жылы жүзбен жауап беруге тырыс немесе үндеме...
-
–Үнемі дерлік әдемі сөз сөйлеуге әдеттен, балағат сөздерді аулақ бол...
-
–Бір істі бастамас бұрын үлкендердің ақылына жүгінген артық етпейді...
– «Достарынның ортасында сыйлы бол, қадірің түспесін», - деп әжем көптеген мағыналы сөздерді айтып отырады.
«Қарты бар үйдің – қазынасы бар» демекші ақылшы-дарияларымыз, үлкендеріміз аман болсын.
Сағыныш Қайыр
АТГУ журналистика кафедрасының 3-курс студенті