«Қызым менің-қуыршағым»


Төсек үстінде қуыршағына жармасып, ересек әйел жатыр. Қуыршағын құшағына қысқаны соншалық, бір елі айырылған емес.  Қарсы бөлмедегілер оның қуыршағын әкеткенде,  ана кішкене баладай қарашығы жасқа толып:

-         Баламды өзіме қайтарыңдар,- деп айқай салатын.

Осындай жағдайға жеткізген осыдан 2 жыл бұрынғы оқиға еді...

Әлгі әйел яғни, Райхан апайдың Айнұр деген ай десе аузы, күн десе көзі бар, ақылы көркіне сай қызы бар еді. Алайда сұм тағдыр оны өлім арбасына айдап әкелді.  Айнұр некесіз туған бала болғандықтан, өз әкесін жетік білмейтін. Анасынан сұрағанда, ол қысқа қайырып, жүре беретін. Бірде Айнұрды достары «жетім бала» деп мазақтаса керек. Ашу мен өкпеге тола, ызаға булыққан Айнұр келген бойда анасына :

-Барлығында неге әке бар, ал менде жоқ. Қайда менің әкем?-деп  тарпа бас салады.

Анасы қызының өркөкірек мінезін көріп, сабасына түсіргісі келіп:

-Қызым-ай саған не болған? Мұндайың жоқ еді ғой, -дей бергенде, Айнұр анасының сөзін тыңдамастан тысқа шығып кетеді.  Нәзік қыздың кеудесі мұң мен зарға, өкпе мен налаға толып кете барды.

   Кенеттен тыстан көліктің кілт тоқтаған дыбысы мен әлдебір қыздың шыңғырған үні естілді.  Сол сәтте  ана жүрегі сезді ме білмеймін, бірден дыбысқа қарай жүгірді.  Көше бойымен ентіге жүгіргенде: «Ей, Аллам бұл өзге біреудің дауысы болсыншы», -деп тілеп келе жатырды. Алайда бұл сөздер періште құлағына шалынбаса керек, көлік апатына ұшыраған сол ананың бейкүнә қызы еді. Сұм тағдыр ананың жан дегенде жалғызынан айырды.  Қанға боялған қызын құшақтап, зар илеп ана қала берді.

Міне, содан бері 2 жыл өтсе де, көз алдында бейне бір сол сүйкімді Айнұр «анашым» деп құшақтайтындай, не мектептен келіп « мама, мен бес алдым» дейтіндей көрінеді.  Айнұрдың сүйікті қуыршағын бауырына баса ұйықтайтын ана, енді осы қуыршақты өз қызыдай көреді. Иә, өмірдің қаттылығы сондай, кейде ешбір жанды аямайды екен...



Бөлісу: