Қызым менің
блог
Ер азаматтар көпнесе ұл перзентті болғанын қалайды, мен керісінше жұбайымның қыз босанғанын тіледім. Алла тілегімді қабыл етіп дүниеге қыз перзент келді. Алла өмірін ұзақ еткей. Сол күні қуанышты хабарды естігенде қызыма деген сезімім жыр болып туылған еді.
Сол туындым жақында республикалық отбасылық-танымдық «Ана мен бала» журналында жарияланған екен. Сіздерде оқып көріңіздер «Массагеттіктер»!!!
Қызым менің...
Қызым менің...
Қызым менің, қызғалдақ гүлім менің,
Қызық тола өмірде, күлімдегін.
Қызсыз дүние қызықтау болмас еді,
Қуанышты күнім бол, күнім менің.
Қызым менің...
Қызым менің, арманым, ардағымсың,
Қызыл ерін анаңнан аумаған шын.
Қыз күнінде анаң да сендей болған,
Қызысың ғой, анаңнан аумағансың.
Қызым менің...
Қызықтырар қызы бол қазағымның,
Қызыл тілдің бол қамқоры, азақ үннің.
Қайғы келген тілімнің қан жылаған,
Қамқоршысы бола біл азабымның.
Қызым менің...
Қарымтасы деп білем ұшпағымның,
Қайта оралуы деп сенем ұшқанымның.
Қара жерге қоюды өз перзентін,
Қаламаймын басына дұшпанымның.
Қызым менің...
Қуаныш орнатқандай енді көңіл,
Қайғыны көрсетпесін ендігі өмір.
Қуанышты әкеңнің сыйлығын ал,
Қызым саған тілеймін, мың жыл өмір...