Қызылту

Қызылту
жеке
блог

Шыңғыстың батыс жақ шетін орай ағатын Шаған өзенінің Ақтас өңіріне "Қызылту" совхозы орын тепкен. "Қызылту" совхозындай табиғаты көркем Шыңғыста жер жоқ. Қалың ағашты, тағы аңдары мол жер. Шаған өзеніне жаратылыстың өзі ақ тасты жақпар тауларды қашап отырып, арна жасаған секілді. Ауылмен жарыса жатқан өзен жағасындағы күмісше жалтыраған ақ тау- лар күн нұрына шағылысып, бүкіл атырапқа ерекше көрік береді. Ауыл тұрғындарының қасиеттеп, құрметтейтін жері - Жанғазы алаңы. Орта мектеп алдында тұрған ескерткішті село тұрғындары өздерінің батыр ұлы Жанғазыға орнатқан. Александр Матросовтың ерлігін қайталаған лейтенант Жанғазы Молдағалиев туған ауылының ғана емес, бүкіл еліміздің мақтанышы. Ол -- өз денесімен жау дзотының аузын бітеп, бөлімшесін жеңіске жеткізген қазақтың ба- тыр ұлының бірі. Ол Украина жерінде ерлікпен каза тапты. Украинаның Житомир облысының Чернопоровка селосы бұл күнде Чернопоровка-Молдагалиевка деп аталады. Елизарова селосында қазақтың даңқты батыр ұлы- ның басына биіктігі б метр монумент тұғыр орнатылған. Ауданда Молдағалиев атында совхоз және орта мектеп бар. Бұл өңірдегі тасқа қашалған ескерткіштер де ғасырлар сырын шертеді.

Кәмен Оразалин

«Абай ауылына саяхат»  (Ұлы ақынның 150 жылдығына арналады), Алматы «Жалын» 1994ж, 267-268-беттер