"Қызылдардың" жарқын қайта оралуы
блог
2016/2017 ойын жылының соңғы 3 ойынында ойсырата жеңіліс көрген Жозе Моуриньонің командасы Ағылшын Премьер Лигасының 6 – ншы турында 2015/2016 жылының чемпионы “Лестерге” қарсы ойынында алғаш рет жанкүйерлердің көңілінен шықты. 24 – інші қыркүйекте “Олд Трафордта” болған ойында стадион қожайындары салған 4 доптың тек біреуі ғана қайтарылып, матч 4 – 1 есебімен аяқталды. Стадион қожайындарының осындай әсерлі де тиімді ойын көрсетуінің себептері, меніңше, айқын. Біріншіден, соңғы ойындарда үлкен нәтиже көрсетпеген бельгиялық жартылай қорғаушы Маруан Феллаини мен команда капитаны Уэйн Руниді қосалқы ойыншылыр сапында қалтыруы. Мәселен, осы матча Рунидің орнына Дейли Блиндтің асырған үш бұрыштама доптары нәтижелі болды. Оған қоса Рунидің ойын алаңындағы орны анық болмағандықтан, қалған ойыншылар өздерінің үйреншікті позицияларында ойын көрсете алмады десе де болады. Екіншіден, Клаудио Раньеридің қол астындағылар қорғаныс шебіне тым көп назар аударып, орталық алаңда “Юнайтед” ойыншыларының шабуыл әрекеттеріне көп кеңістік пен уақыт беріп қойды. Туындаған жағдайдан “Юнайтедтің” жартылай қорғаущыларына шабуылдауға бар жағдай жасалды. Мәселен, жанкүйерлер көптен күткен Поль Погбаның әсерлі ойынын тамашалай алды. Алайда, сенбіде болған ойыннан “Қызылдардың” болашағы туралы қортынды жасаған тым ерте сықылды. Қалай болса да, ең бастысы, Моуриньо командадағы “мини – дағдарысты” шешіп, жанкуйерлерді сабырландырды.