Қызыл сандықтың қызықтары (эстафета)
блог
Массагетіміз қыздардың сандықтарын ашып көрмек екен!))) Кезек маған да жетті, нақтырақ айтсам, кезекті сұрап алдым! Өйткені, маған «сән, әшекей бұйымдар, декоративті заттар» десе, «ішкен асымды жерге қоятын» адаммын! Жарайды, көп созбай, менің сандығымды бірге ақтарайық...
Сандығымның жалпы көріністері:
Енді әрқайсысын бөліп жіктейін... бірден айтамын, алтын, күміс, аметис, фионит және т.б. аралас тастар. Өздеріңіз ажыратып аласыздар)))
Бұл әшекейлерді мен күнделікті тұрмыста тағамын. Жасыл түсті жақсы көретінімдіктен, өткен жылы Диана мен Бота есімді құрбыларым осы сырға мен сақинаны туылған күніме орай сыйлаған еді. Екінші тұрған «мысықтың көзін» де өткен жылы сыйға алдым. Наным – сенім бойынша, ол тіл – көзден сақтайды. Сол себепті, сақинасын шешпеуге тырысамын!
Ал, мынау менің сүйікті сақинам мен алқам. Сақинаны туған әпкем маған 15 жасқа толғанымда сыйлаған еді. Бұл таза күміс және аметис тасы. Ал, алқаны кезінде «Самал» ықшам ауданында тұрып жүргенімізде араб нәсілді көршілеріміз болатын, солар менің туылған күніме (6 жасымда) сыйлаған еді. Оны Араб Әмірлігінен алып келіпті. Бұл алтын жалатылған, аметис тасының сынығы.
Келесі суретте менің тағы да басқа алқаларым мен сырғаларым және білезіктерім. Негізі, мен күнделікті күнге кішкентай сырға, ал қыдырғанда үлкен сырға таққанды жақсы көремін.
Менің ойымша, үлкен сырғалардың бір артықшылығы: мысалы, егер киім қарапайым немесе бір түсті болса, үлкен сырға, білезік немесе алқа киімнің сәнін келтіреді. Ал, мына күміс түстес сырғаны Диана есімді құрбым сыйлаған. Бұл сырғаның артықшылығы – кез – келген киімге жарасып кетеді. Ал, алтын түстес сырғаның бір ерекшелігі – ол ең соңғы болып қосылған әшекей)))
Бұл менің жалғыз ғана сағатым, өз басым сағаттарды жақсы көремін. Бірақ, арзан сағат таққанды ұнатпаймын, сондықтан бір ғана сағат сатып алған едім.
Білезіктерімнің ішінен ең ерекше жақсы көретін білезігім осы. Өйткені, оны жан құрбым Диананың марқұм анасы мектеп бітіргенімде сыйлаған еді...
Тағы да бір сандығымдағы әшекейлер мыналар...
Мына суреттегі қара және сары түсті алқаны жан құрбым Айжан – Кербез биыл туылған күніме сыйлады. Ал, келесі алқа анамның сыйлығы. Бұл «горный хрусталь» деп аталады.
Шашқа тағатын аксессуарларымның ішіндегі ең сүйіктілерім осылар!
Сандықтағы көк қуыршақты байқадыңыздар ма? Ол үнемі әшекей бұйымдарымның арасында жатады. Өйткені, оны осыдан 8 жыл бұрын марқұм туған ағам – Мұхтар 8 наурыз мерекесіне орай сыйға тартқан еді. Оның сандықта жататын себебі, бұл кішкентай ғана қуыршақ мен үшін алтынмен тең.
Сонымен қатар, мен сіздерге кішкентай ғана кітапханамды көрсете аламын))) Бұл да алтынмен тең байлық деп санаймын...
Ал косметикама келетін болсақ, мен тек ғана «Mаry kay» косметикасымен ғана қолданамын. Басқаларын мойындамайды екенмін! Осы жарнама үшін «Mary kay» маған ақша төлеулері керек)))
Қорытындылай келе, мен әшекей бұйымдарды сатып алмайды екенмін. Сандығымның ішіндегі 90% - ға жуығы сыйға берілген заттар. Сол себепті, олардың барлығы мен үшін ерекше орында және байқасаңыздар, күміс әшекейлерді жақсы көремін...
Эстафетаны аяулы, Кербез құрбым - Айжан жалғастырсын!