Амансыздар ма, масагеттіктер!!! Мына қыз аптасына бір рет тым болмаса бір жазба жазып тұрушы еді, жоғалып кетті "чета" дейтіндерге демалыстан келдім. Сол қызықты да, есте қалған сапармен сіздермен бөліссем деп отырмын. Қарашаңырақ ҚазҰУ-тармен Ыстықкөлге бардық. Біз журналистер қауымы "Жазғы мектеп" бағдарламасы бойынша сапарға шықтық ол жаққа. Маусымның 3-ші күні туған жерден Алматыға жол тарттым. Содан таңертең оқу ордасына барып құрбылармен, достармен кездесіп кешке дейін сонда болдық. Сағат 4 30-да автобус аттанады дегенге жүре беріппіз күтіп, барсақ бізден өзге ешкім жоқ, Алла бұйыртып Әйгерім апайымыз келіп автобустың 7-де жүретінін айтты. Ай, шаршағанымыз-ай. Әншейінде тойға кешігетін қазақ едік, нақ осы кезде неміс бола кеткеніміз құрысын деп, әзер уақытты өткізіп, көптен күткен автобусқа жайғастық.
4 автобус осылайша қырғыз еліне жолға шықты. Біздің отырған автобустағы адамдар барғанша өлең айтып, жарысып барды. Шекарадан өтіп, көптен күткен Ыстықкөлге Бозтери ауданына жеттік.
"Ыстықкөлдегі 1-ші күн"
Таңда жеткен соң шаршап қалыппыз қатты, шаршағанымыз соншалық таңғы астан қалып қойдық. Соның арқасында сыртқа шығып үлгердік бармай жатып, тамақты сылтауратып қой.
Бір қызығы ҚазҰУ-тардың бәрі бара сала концертке дайындалып жүрсе, біз журналистер барғаннан сабаққа кірістік. Әй, оқымыстылар-ай. Жазда да оқып.
Айдос Әріпбаевтың өткізген дәрісі
Барлық студенттер емес (жартысы ұйықтап қалған сабаққа)
Ал енді жер көрейік, ел көрейік
Нептун күніне дайындық
ҚазҰУ пансионаты
Тұзды көл
Ыстық топырақ
Мұнда Құдайдың көлеңкесі де сатылады екен. Қырғыздар-ай пайданың көзін білесіңдер. Көлеңке деп үсті домалақ жататынды айтқаным ғой))).
Ал былай су үстінен ұшу біздің ақшаға айналдырғанда 5000 тұрады екен.
Біздің тұрған бөлме
Жанымдағы Арайлым Әкім, жазғы мектептің түлегі
Кешкі би кеші
Міне осылай бірінші күн де өтті. Қалған күндердің қызығымен кейіндеу бөлісермін, егер сіздерге бірінші күн ұнаса.