Қызыл орамалды шынарым

Қызыл орамалды шынарым
жеке
блог

Шығармада Қырғыз жерінде бой алған оқиға сөз етіледі.Көрініс жол жетегінде ауылдың қарапайым қызы Әсел мен көлік жүргізушісі Ілиястың кездейсоқ танысуынан бастау алады.Екі жас бір-бірін ең алғашқы кездесуден-ақ ұнатып қалады.Ілиястың бір көргеннен ғашық болғаны соншалық,Әселдің кескінін Тынық мұхитқа әскери сапарға аттанған кезінде де есінен шығара алмай күні бойы тек Әселді ойлаумен болды.Ал Әсел болса, басқа жанмен аттастырып қойса да,өз елінің салт-дәстүріне қарамастан өз сүйгенін таңдап,бірге болуға ұмтылды .Досы Әлібектің көмегінің арқасында үйлі болып,ортада бала пайда болды.Дәл осылай екеуі үшін де өмірдің ең тәтті,ең қызық сәттері өтіп жатты.

Дегенмен,қос ғашықтың махаббаты көпке ұзамады.Ілияс жұмысында болып жатқан қиындықтарға алаңдап, «бөгде адамға» айналғандый.Әселден алшақтап,одан біраз шындықты жасырып қалуға бақты Тіпті,үйіне апталап келмеуді шығарды."Досым","досым"-деп жүріп,үйінде шайын дайындап,күтіп жүрген сүйгенін есінен шығарып,Хадишаға ынтық болады. Екі жас айырылысып,әркім өз жолымен кетеді.

 Уақыт өте келе,Әселдің басқа ер азаматтың етегінен ұстағанын,өз баласының өзгені «Әке» деп атағанын көрген кезде жүрегі қақ айырылып кете жаздады.Өткенін қайтарғысы келді.Ғашығы Әселдің әсем жаны мен бала махаббатының қадірін білмегеніне өкінді.Бір қателік оның алдағы өмірін астан-кестенін шығарды.Мүмкін болса,қалған өмірін жанына жақын жандармен өткізу үшін қолда бар затын беруге дайын болды.Осы кезде қазақ атамыздың «қолда бар алтынның қадірі жоқ» дегені бекер еместігін түсінесің.

Қорытындылай келе,Шыңғыс Айтматовтың атағын екі еселеткен «Арманым Әселім» атты шығармасы негізінде қойылған бұл көрініс дүйім жұрттың жүрегінен ерекше орын алды. Қойылым кезінде айтылған «өмірге есуас болып келесің,ессіз өмір сүресің,ес жинағанда барлығының кеш екенін түсінесің» деген нақыл сөзі мәңгілікке есімде қалатындай.Айталық, "Қызыл орамалды шынарым" қойылымынан менмеңшілдікті қойып,жақындарыңның қадірін біліп,шешім қабылдар кезде саралап,жасаған таңдауыңа жауапкершілік алу керек екенін түсіндім. Бұл қойылым сіздің де мазалап жүрген сұрақтарыңызға жауап тауып,өзіңізге керемет демалыс сыларына сенемін.