Қызыл ма, көк пе?!

Мектеп бітіріп жатқан кезде алтын белгі алып, қызылға бітіріп жатқандардың қарасына қарап қызғанып тұрушы едім. Жалпы жақсы оқыдым. Тек жеткілікті болмады. Солардың менен қай жері артық екен а?! Бар ғой, ә...

Көк сертификатымды ұстап, Қазақстандағы ең беделді оқу орны ҚазҰУ-ға түскен кезде менде арман болған жоқ. Ал, ал қызыл түсті сертификат ұстағандардың бір сыпырасы оқуға түсе алмай, бір сыпырасы лағып кетті. Не болды екен ә?!

Болды ғой енді ә...

Төрт жыл терге де малып, басымды төрге де сүйреп өте шықты. Жақсы оқуға тырыстық. Баяғы қызғаныш қайтып келмесін деп... Тап ертең тағы да көк түсті диплом алайын деп отырмын. Не жетті екен маған а?! Іштей өзімді кәдімгідей жұбатып қоямын: «бастысы адам болсы шықсам болды ғой». жаман ә, сылтауым...

Жалпы көк түске жақынмын. Ұлт үшін өліп, туым үшін күйіп, ұлт жанды болып жүргенімді осыдан болар. Көк түске әуестімгіді өзім таңдаған жоқпын, құдай таңдап берді. Көк түс деген нұр, нұр деген жұмақ! Ооо...!!! Қызыл түс от, от деген тозақ, деп қатты кетсем, біраз адам қарғайын деп тұр ғой))

Жалпы қоғамда тартыс бар. Сен «көк» алдың, мен «қызыл» алдым деген. Түйерім, адамды түсіне қарап, білімін қолындағы қағаздың түсіне қарап айқындай алмаймыз. Әркім өзі ісіне лайық болса ғана жетістік. Қызыл алғандар, мақтау айтса асып-тасып, өртеніп кетпеңдер. Көк алғандар, мен секілді «адам болсақ болды» деп сылтау айта бермей елге еңбек етіңдер.

Қысқасы екеуін де алмай қаңғып жүргендер, сырттан өсектей бермей сендер де екі қолға бір күрек табыңдар.

Марғұлан АҚАН



Бөлісу: