Қызыл алма - Әмеңгерлік туралы отандық телехикая
блог
Әмеңгерлік — дәстүрлі құқықтық мәдениеттің негізгі институттарының бірі; күйеуі өліп, жесір қалған әйелдің қайынағасына немесе қайынінісіне, не болмаса жұбайының ең жақын туыстарының біріне тұрмысқа шығуы, некелесуі. Бұл қазақ қоғамында ерте заманнан “аға өлсе, жеңге — мұра, іні өлсе, келін - мұра”, “әйел ерден кетсе де, елден кетпейді” деген қағидаға айналып, әдеттік заң нормасы ретінде қалыптасқан.
Фильм қазіргі әлеуметтің бойында кездесетін қайшылықтар, адамдардың бір-біріне деген сезімдерінің, сенімдерінің жоғалуы, сатқындық, ата-анаға деген құрметтің өз дәрежесінде көрсетілмеуі сияқты түрлі тақырыптарды қозғайды. Туған ағасы Біржаннан қапыда айырылып қалған Рүстем енді әмеңгерлік салт бойынша жеңгесіне үйленеді. Дүниеден ерте өткен әкесінің шеберлік өнері Рүстемге дарыған. Оның жасаған сандықтары қолөнер туындысындай көркем, бірақ жанұяның ауқатты өмір сүруіне жете бермейді. Кейіпкерлердің жан күйзелісі, өмір өткелдерінің сан қилы сынақтарынан өтіп, ең соңында отбасын сақтап қалуы әр көрерменге ой салары сөзсіз.
Эфирге шығатын уақыты: 21:35 Ұзақтығы: 42 минут
Қазақстан Ұлттық арнадан онлайн көру