Қызықты сұрақтарға кезексіз жауап!

1. Егер уақыт машинасы болса, қай жаққа саяхаттап, қай оқиғаны түзер едіңіз?

Машинасы уақыттың тисе егер қолыма,

Мың ғасырдың азығын салар едім жолыма.

Қазақ қалай дамыды тарих қалай басталад,

Өткенге көз салушы ем  қарап оңды-солыма

2. Ең жүйкеңізге тиетін не нәрсе?

Елең етіп шықпасаң елемейтін сайттағы,

Алматының тұрғыны 5-6 қайтқаны  (пробка)

Ер жігіттің езіліп қыздың құлы болғаны

Қыздың аузы былғанып боқтық сөді айтқаны

 

Бірге жүрмей достарың қайтып кетсе үйді-үйге

Өтірікпен мақтанып ақыл айтып кей-кейде

Жынға тиер жынталақ қанды ішіп қояды

Айта берсем қысқасы тиері көп жүйкеге

3. Егер Джин келіп, 3 тілегіңізді айтыңыз десе, не айтар едіңіз?

Серік қосып Аллаға күнә жасап алмайын

Бір Алладан тілеймін басқаға ой салмайын

Ең бірінші тілегім аман болсын ата-анам

Содан кейін тілерім достарымнан қалмайын

 

Жүктің соңы әркезде ауыр болу керек қой,

Не болсада айтайын біздегі жай тілекқой.

Ана тілім арда боп,аман болсын қазағым

Әумин десін тәңірім тілеген тек жүрекқой!

4. Сіз ұнататын жұлдыз бір қасықпен тамақ жеп, сол қасықты жумай сізге берсе, сол қасықпен тамақ жей аласызба?

Жұлдыз көкте,аққу орны көлдеғой

Жақсы менен жаман орны елдеғой

Назарбаев келсе дағы бәрі-бір

Жуар едім олда мендей пендеғой

5. Қалаған 3 үш елге тегін барып, қыдырып келуге мүмкіндік болса, қай елге барған болар едіңіз?

Ең бірінші барар едім Оралға

Шекарасы Еуропанын оралда

Соны көру көп уақыттан ниетім

Сондықтанда барар едім соларға

 

Кей кездерде маза бермей қал-жайы

Қытайдағы қазақтардың жағдайы.

Ойландырып күрсіндіріп қояды
Көрсем деймін көзімменен мән жайды

 

Жездем құрған елге барғым келеді

Бөрте әпкемнің қайын жұрты елі еді

Маңғолияда қазақтарда бар екен

Маған дұрыс көру,білу керегі

6. Ең жақсы көретін афоризміңіз?

Күніне жамандық жасау жағдайы жүз рет келсе.Ал жылына жақсылық жасау реті бір мәрте келеді екен!

7. Жұлдыз жорамалға сенесізбе? 

 

ЖОҚ!  МҮЛДЕМ!

8. Сіз темекі шегіп тұрсыз, әкеңіз келіп қалды. "Ұлым/қызым мұның не деді" не істер едің?


Әке сенде шеккесің түсінерсің сен мені,

Кешіре алсаң кешірші нашақор бұл пендені

Ақ Вондты сасытпай тастасаншы арзанғой

Қымбаттауын шексенші жұрттан әлде кем беді

-Деп әкеме берер ем Парламенттен мендегі

9. Сізге таңдау келіп қалды: туысқандарыңыз немес махаббатыңыз?

Бала белде.

Қатын жолда

Бауыр табылмас! дейді Махаббатыма қарағанда ағайн туысқаным артық!

10. Сіз әншісіз,  концертте үлкен сахнада ән айтып жатырсыз. Кенеттен құлап түстіңіз, сіздің әрекетіңіз?

Тап әдейі оңай құлай салғандай

Жасар едім білдірмей и таңқалмай

Ары қарай жалғастыра беремін

Әнімді айтып еш кідірмей ойланбай! 

11,Егер мысалы Алла нәсіп етіп, бұйыртып жатса, 65-70тегі кемпір-шал болсақ, Массагетте қандай тақырыптарды, жазбаларды қозғап отырады екенбіз? Ол кезде бір білермін Массагеттің ардагерлері болатынымыз айдан анық.

Кемпіріне ренжіген шал қандай.

Қарт көңілі бәріненде қалғандай

Осындай бір салмақтылау ой жазып

Жарты-әлемге айқайлап жар салғандай- деп бірдеңкені мыжып ауызда бір тіс жоқ.маңдайымыз қыртыс болып өкпе ренішімізді жазармыз!

Ренжімеңіздер қуып кетсем!

СҰРАҚ!

НЕГЕ барлығы неге солай!

 



Бөлісу: