Қызықты сұрақтарға жауап (эстафета)

Қызықты сұрақтарға жауап (эстафета)
жеке
блог

Сәлем Массагеттіктер. Мен негізі блоггер емеспін. Бірақ, блог жазғым келіп, не туралы жазсам екен деп ойлай келе, жаңа эстафета бастаймын деп шештім. Эстафета ситуациялық сұрақтарға жауап беру арқылы өтеді. Өзім осындай сұрақтарға жауап бергенді ұнатамын. Ал енді эстафетаны бастайын!

1.Егер уақыт машинасы болса, қай жылға саяхаттап, қандай оқиғаны түзер едіңіз?

Мен 2011-2012 жылға барып, сол жылдардағы барлық қателіктерімді түзер едім. Осы екі жылда көп қате жіберіп алдым.

2.Ең жүйкеңізге тиетін не?

Қазақтардың заманауи бола алмай жатқандығы (дау дамай қылып жібермеңдер).

3.Егер Джин келіп үш тілегіңді айт десе, қандай тілек айтар едіңіз?

Мен бірінші - үлкен үй толған заманауи киімім болса...

Екінші – келбетім өзгеріп кетсе(милый болып)......

Үшінші – өзім сүйген адам қасымда болса...

4.Сіз ұнататын жұлдыз бір қасықпен тамақ жеп, сол қасықты жумай сізге берсе, тамақ жей аласыз ба, сол қасықпен?

Иә жеймін хехе!

5. Қалаған үш елге тегін барып қыдырып келуге мүмкіндік болса, қай елге барған болар едіңіз?

Оңтүстік Корея, Швеция, БАӘ.

6. Ең жақсы көретін афоризміңіз?

Маған мынау қатты ұнайды және келісемін:

Өзің қандай болсаң - өмір сондай.

Қадыр Мырза Әлі

7. Жұлдыз жорамалға сенесіз ба?

Жұлдыз жорамалда не жазылғанына байланысты.

8. Сен темекі шегіп тұрсың, артыңнан әкең келіп қалды да:

-Балам(қызым) мұның не?-деді. Не істер едің?

Темекіні жерге тастай салып, шеккенімді мойындамайтын едім хехе.

9. Сізге таңдау келіп қалды: Туысқандарыңыз және Махаббатыңыз. Кімді таңдайсыз ?

ым... Махаббатымды...

10. Сіз әншісіз. Концертте үлкен сахнада ән айтып жатырсыз. Кенеттен құлап түстіңіз. Сіздің әрекетіңіз?

Мен жерде жата берер едім, әдейі құлағандай болып..


Эстафетаның ережесі: Жалғастыратын әр адам 1 ситуациялық сұрақтан қосып отыруы керек. Және осы 10 сұраққа міндетті түрде жауап беру керек. Эстафета таяқшасын Ардақ  Құлтайға тапсырамын.