Қызықты сұрақтар менде жауап беріп көрейін.

Бұл жазбаға маған кезек берген жоқ. Сондада достар кезексіз жауап беріп жатсам, ренжемейтін шығарсыздар деп ойлаймын! 


1. Егер уақыт машинасы болса, қай жаққа саяхаттап, қай оқиғаны түзер едіңіз?


Егер маған уақыт машинасы келіп, қай жаққа саяхатқа кетеміз десе ойланбастан балалық шаққа саяхат жасар едім.

Балалық шақтың бекетін,

Қалдырдым өмір жолында

Арман көп оған жететін,

Билет жоқ әттең қолымда деген өлең шумақтарындағыдай тек қана сағыныш кернейді. Балалық шаққа немесе сол өткен күндерге саяхаттауға мүмкіндік болса, ендеше ойланбастан барар едім. Өйткені менің жүрегімнің түбінде өткен күндерге деген сағыныш бар. Өткен күндерде жіберген кателіктерімді түзеуші едім.


2. Ең жүйкеңізге тиетін не нәрсе?


Менің жүйкеме тиетін нәрсе қазақтың ұл-қыздары бір-бірімен орыс тілінде сөйлесуі, өз тілін құрметтемеуі, ана тіліміздің қадірін білмеуі адамды қынжылтады. Мен ойлаймын қанша жерден өзге тілді біле берсеңде ана тілімізді ұмытпауымыз керек, ондай адамдар өз ортамда да кездесіп жатыр, мен оларға керісінше, орыс тілін білсемде жұмысымдағы  қазақтың ұл-қыздарына сол қазақша жауап беремін. Соның арқасында кішкене болса да, үйреніп, шала қазақ бола бастады. Біраз тағы осылай қинасам, қазақ тіліндеде толықтай сайрап кете алады деп ойлаймын! Содан кейін жастарымыздың қоғамдық көлікте өз-өздерін кейде ерсіз ұстауы жүйкеге тиеді.


3. Егер Джин келіп, 3 тілегіңізді айтыңыз десе, не айтар едіңіз?


Шыны керек ондайға сене бермеймін. Бәрі Алланың қолында. Алланың берген әр күні бізге сынақ деп ойлаймын. Сол сынақтан мүдірмей өтсек бақытты күндерге жол ашылатыны анық. Аллаға серік қосуға болмайды. Осы сұрақты Алладан не тілек-дұға тілейсіз деп өзгертсем, ендеше:

1. Қазақ дейтін ұлтым, Қазақстан деген елім аман болып, бейбіт заманда өмір сүре берулерін сұрар едім.

2. Қазақ елінің азаматтары мен азаматшалары қазақтың тілін, дінін, мәдениетін сақтай отырып, болашақ ұрпаққа аманаттап, ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп жете берсе екен деймін.

3. Көздері мөлтілдеген жетім балапан, бауырларымыз, көздері жәутеңдеген қарттарымыз мүлдем  тастанды  болмаса екен деген тілек-дұғаларым бар.


4. Сіз ұнататын жұлдыз бір қасықпен тамақ жеп, сол қасықты жумай сізге берсе, сол қасықпен тамақ жей аласызба?


Бұл сұраққа енді қалай жауап берсем екен, негізі тазалықты жаным сүйеді. Егер жууға мүмкіндік болмайтын жағдайда ғана жеуім мүмкін. 


5. Қалаған 3 үш елге тегін барып, қыдырып келуге мүмкіндік болса, қай елге барған болар едіңіз?


Шынымды айтсам қазір әр елде табиғат апаттары болып жатыр ғой, сондықтан ешқайда барғым келмейді. Қазір өзім Елордамыз Астанада жүргендіктен, ауылымды қатты сағындым.

1. Туған жерім Қызылорда облысы, Қазалы ауданында

2. Еліміздің әр қалаларының табиғаттары әсем ғой шіркін, сондықтан сондай тамаша жерлерінде демалғым келеді.


6. Ең жақсы көретін афоризміңіз?


Қазақтың барлық тамаша сөздерінің, құнды дүниелерінің барлығын қолданамын.Бөліп қарауды қажеті жоқ. Олар менде өте көп.


7. Жұлдыз жорамалға сенесізбе?


Жоқ сенбеймін. Бірақ көріп қалып жатсам, қызық үшін оқимын. Бірақ болжамдағыдай ешқандайда ұқсастық кездеспейді.


8. Сіз темекі шегіп тұрсыз, әкеңіз келіп қалды. "Ұлым/қызым мұның не деді" не істер едің?


Бұл жағдай басымда болғанда емес, болмайды да!


9. Сізге таңдау келіп қалды: туысқандарыңыз немес махаббатыңыз?


Әрине қиын сұрақ. Бірақ ата-ана, бауыр, ағайын тума-туыстар өте қажет, өте қымбат жандар мен үшін.

10. Сіз әншісіз,  концертте үлкен сахнада ән айтып жатырсыз. Кенеттен құлап түстіңіз, сіздің әрекетіңіз?

Әншілердің басынан оданда зор қиындықтар кездесіп жатады емеспе? Мысалы: Дүйсенхан Сыздықовтың авторлық кешінде Жеңіс Ысқақова ән айтып жатырған кезінде туфлиінің тақасы кіріп кетіп еденге, ала алмағасын жалаңаяқ жүріп ән айтып, билеген емеспе? сол секілді онда тұрған ештеме жоқ. Әрі қарай жалғастыра берер едім. Оларға мазақ болайын деп әдейі құламайсың ғой.

 

Менің сұрағым: Егер мысалы Алла нәсіп етіп, бұйыртып жатса, 65-70тегі кемпір-шал болсақ, Массагетте қандай тақырыптарды, жазбаларды қозғап отырады екенбіз? Ол кезде бір білермін Массагеттің ардагерлері болатынымыз айдан анық.







Бөлісу: