Қызықты деректер топтамасы 1
жеке
блог
блог
Әркімнің өзінше әдеттері, ерекшеліктері бар. Оны басқалар түсіне алмауы мүмкін. Бүкіл әлемның құпия сырлары мен жаңалықтарын бір адамның ғана болмысынан табуға болады. Қазір біз адам мен оның өмір сүруіндегі ең қызықты деректермен таныс боламыз:
- Адамның көз алмасы туған уақыттан өмірінің соңына дейін мүлдем өзгермейді.
- Әлемдегі ең жас ана 5 жаста болатын.
- Бір шыны кофені жылытатындай энергия бөлу үшін адамға 8 жыл, 7 ай, 6 күн айқаулау қажет болады.
- Ең ерекше фобия – селенофобия – Айдан қорқу.
- Адамның сүйектері бетоннан мықты.
- Сиам егіздері 200 мың жылда бір рет өмірге келеді.
- Статистикаға сүйенсек, шашын оңға қайырып тарайтын ер азаматтар, солға тарайтындардан гөрі ұзақ өмір сүреді.
- Биік өкшелі аяқ-киімдер әуелде еркектерге арналған.
- Күн сайын біз 100 мыңға жуық ми клеткаларын жоғалтамыз.
- Орта есеппен алғанда, темекі шегетін адам әр он жылда екі тісінен айырылады.
- Егер мұрынды жауып жалбыз шайнайтын болсаңыз, сіз оның дәмін сезіне алмайсыз.
- Бүкіл ғұмырында адам Жерді үш айналып шығатындай жаяу жүреді.
- Төрт жасар бала күніне 400-ге жуық сұрақ қояды.
- Адам баласы бүкіл өмірінде 35 тонна тамақ ішеді.
- Адамның мұрны мен құлағы өмір бойы өсіп отырады.
- Көзді ашып түшкіре алмайсыз.