Кеше досымның анасы мемлекеттік аттестация дейтін аралық мұғалімдердің білімін тексеретін емтихан тапсырды. Емтихан сұрақтарын қарап шығыңдар осылар келуі мүмкін деп осыдан қаншама жыл бұрын кеткен "ҰБТ" ны есіне салғандай анасының бастықтары табыстапты. Сонда ішінде мына сұрақ:
" Мемлекеттік ана тіліміз сынды аялап, тең дәрежеде ұстау керек тіл"?
жауабы: Орыс тілі!
О, қарабасты деген осы. Орыс тілін үйрену аздай енді аялап, ана тілімізбен қатар ұстауымыз керек екен! Жақсы көндік! Сонда, Бауыржан айтқан ана сүтімен келетін ана тіліміздің ендігі жерде күні не болмақ, сонда былай болады мыс:
" Ана тілім сүтпен бойыма дарыған Қазақ тілі, ал өкіл анамның тілі Орыс тілі " деп түсінеміз бе?!