Қызық деректер)
блог
1) Адамдардың 65% -ы сүйіскенде бастарын оң жаққа қарай бұрады екен)))
2) Махаббат туралы ең ежелгі ән бұдан төрт мың жыл бұрын Тигр және Ефрат шекарасында жазылған екен.
3) Ғашық болған адамның тәні мен миы тынышталып, есте сақтай қабілеті жақсарады екен дейді. Бірақ мен бұл сөзге ештеме қоса алмаймын. Әркімге әрқалай ғой негізі.
4) Таң ертеңмен тұрып, әйелдерін сүйетін ерлер басқаларға қарағанда 5 жыл артық өмір сүреді екен. Сондықтан қолында неке жүзігі бар ағалардың құлағына алтын сырға)))) Көбірек өмір сүргілеріңіз келсе))))))
5) Махаббат кокаин секілді. Өйткені ғашық болған адамның ағзасынан дофамин – сүйсінушілік гормоны бөлінеді екен. Бұл гормон мидың белгілі бір бөліктеріне әсер етеді. Бір қызығы, сол бөліктер дәл кокаинге солай иілетін көрінеді.
6) Махаббат соқыр: ғашық емес адамдағы белсенді мидың қыртыстары ғашық адамда ұйықтап жатады екен. Ғашық адам ессіз қылықтар жасап жататыны осыдан көрінеді.
7) Тағы бір тамаша дерек: Рим империясы Германияның Вейнсберг қаласын жаулап алып, әйелдер қауымына қаладан кетуге мүмкіндік береді. Және әйелдер шамасы жететін затты ғана әкетуге рұқсат беріпті. Ал данагөй жарлар өздері қанша қиналса да күйеулерін көтеріп қаладан шыққан екен. Осылай жарларының өмірін, ұрпағының болашағын сақтап қалған екен.