қызық

қызық
жеке
блог

Әлі есімде... 1-сыныпта оқып жүрген кезім. Көктем ғой деймін, күншуақта анам маған 50 теңге беріп базардан шай алып кел деді. Базар онша алыс емес болатын. Алып-ұшып базарға жеттім де, "Принцесса Нури" деген шайдың бағасын сұрадым. сатушы 45 теңге деді. Қолымда 50 теңге. Аралап жүріп көбінен сұрап шықтым, бәрінде 45 теңге екен. Енді қайттым деп басым қатып келе жатыр едім, базар сыртында бір әже шай-пайлар сатып отыр екен. Тағы сұрадым. -Ала ғой, қызым саған елу теңгеге беремін,- деді. Қуанып кеттім де әлгі шайды сатып алдым. Үйге келіп анама әрең таптым деп қоямын. Оған шайды қалай тапқанымды айтып бердім. Анашым -қызым-ау 45 теңгеге алып, қалған 5 теңгесіне кәмпит алып жемедің бе, - деді. Сол кезде ғана түсініп, жылап алғанмын.