Өмірге адам бір- ақ рет келеді. Сол өмірді қызықты етіп өткізу тек адамның өзіне байланысты. Өмір әр түрлі сәттерден тұрады. Мектеп табалдырығын ата-анасының қолынан ұстап,бірінші сыныпқа аяқ басқан жас бүлдіршін ,уақыт өте үлкен азамат болып жаңа өмірге аяқ басады. Ол - мектеп қабырғасынан өтіп,студенттік өмір деп аталатын өзіндік бір әлемі бар кезеңге аяқ басады. Сол сәттердің бірі оcы – студенттік шақ. Өмірдің қызықты бөлігін осы кезең құрайды. Яғни,студенттік кезең – өмірдің екінші сатысы.
Ауылдан жаңа келген бізге қаланың құжынаган, қайнап жатқан өмірі қызық болып көрінеді. Кептелісте тұрған көліктер,бір-бірімен сабылып көшеде кетіп бара жатқан адамдар, бәрі, бәрі қызық. Осы кезде студенттік өмір де басталады. Қандай қызығы мен шыжығы бірге жүретін кездер десеңізші.... Таңертең сабақ екенін білсең де,ұйқыңды қимай сабақ басталар уақытта бірақ тұрасың. Бетіңді жусаң жудың, жумасаң сол түннен қалған көздің былшығымен сабаққа кете бересің. Ерте тұрғанымызды қайтейік бәрібір сабаққа кешігіп барамыз. Уақыттың қалай өткенін байқамай да қаласың.Студенттік шақтың қызық екенін сезінетін студенттер бар. Олар,әрине,жатақхана қабырғасында тұрып оқитын студенттер. Жатақханадағы болған оқиғалардың өзін тізіп айтуға болады. Достарыңмен бір нанды бөлісіп жегенің,арқа-жарқа болып күлгенің. Тіпті бірге отырып қызықты оқиғаларды айтып дастархан басында шәй ішкеннің өзі неге тұрарлық десеңші.Пісіріп жатқан тамақты басқа біреулердің ұрлап кетуі бұл бір трагедия. Бәрі бірігіп сабақ оқып,ертеңгі күнге дайындалуы, қарбаласып бір уақытта оқиғалардың болуы. Осының бәрі бірінен кейін бірі тізбектеліп өтіп күнделікті өмірге айналады. Әрине,бұның бәрін өз басымнан өткеннен кейін айтып жатырмын. Естігенді емес,көзбен көргенімді,жатақханада тұрып осы оқиғаның бәрінің басы-қасында жүргендіктен баяндап жатырмын. Студенттік кезеңнің бір қиын болып көрінер тұсы ол – емтихан жақындап қалған кез. Барлығы дерлік кішкентай ғана қағазға керектерін жазып,соны қолданудың жолдарын іздеп жанталасқан кезең.Сөйтіп,аман-есен емтиханнан өткеннен кейін, ауылыңды сағынып үйге жеткенше тағатың таусылып,ұшарға қанатың болмай ұшып-қонатын кезең болады.Ата-анаңа жеткенше асығып,бейне-бір белгісіз күй кешесің.Қойшы,әйтеуір ауылыңа барып,анаңның пісірген тәтті-дәмділерін жеп бір марқаясың. Уақыт осылай өте береді,бәрі өз кезегімен жалғасын ақырындап таба бастайды.Осылайша студенттік өмір өз қызықтарымен таусылмайды.