Менің асыл арманым, кішкене кезімнен мақсат қойып талпынғаным тілші болу еді. Қазір де тілші болуды қатты армандаймын. Бірақ, бұл мүмкін емес пе деп қорқамын.
Үйдегілердің ақылдасуымен, балалар дәрігері болуды жоспарлап отырмыз. «Журналистика-қыздар үшін қиын манмандық. Егер сен ол жолмен жүретін болсаң, бар уақытыңды арайлы таң атқаннан, кеш батқанға дейін материалдар іздеуге жұмсайсың. Ал, әйел азаматы үйіне ерінен бұрын келіп, жарының жағдайын жасап отыруы қажет», -дейді олар. Журналистер туралы мақалалар, теле арналардан арнайы деректі фильмдер көрсетіп жатса қатты қынжыламын. Өз арманымды жүзеге асыру жолымен алдыңғы жазда жергілікті теле арнадағы балалар бөліміне барып көргенмін. Жасымның мөлшері асып кеттіпті, алмады. Дәрігерлік-жақсы мамандық қой. Дегенмен, мен онда оқи алмаймын. Маған елдің ортасында,олардың жағдайларымен танысып жүрген қатты ұнайды.
Мен қатты құрмет тұтатын журналистикада оқып жүрген әпкем бар. Сол кісіден осы мамандықтың қыр- сырын сұрап көргенмін. Қиын екен ғой... Тілшілікте белгілі бір жетістікке жету үшін «сегіз қырлы, бір сырлы болған жөн» деп ойлаймын, жеке пікірім бойынша. Керемет жаза да білу қабілеті керек. Әпкемнің жазған жазбасымен өзімдікін салыстырамын да қатты ұяламын. Жазбалары не деген көркем десеңізші... менікі шимайдай. Арманымнан бас тартқым келмейді!!! Дегенмен, ата-ана сөзіне қарсы келу деген түсінік біздің жақта жоқ, әсіресе, біздің үйдегілердің...