Аспаным бұлтыңды қызғандың,
Жастарым күлкімді қызғандың.
Өмірге өкпелеп, өзім де-
Өлімді біртүрлі қызғандым.
Сиреннің жұпарын қызғандым,
Сүйгеннің құшағын қызғандым.
Кішкентай бақытты қызғандым,
Торғайдың ұясын бұзған күн.
Соңғы рет қызғанам ал енді-
Өзіңді тербеткен Өлеңді,
Өзімді тербеткен Әлемді
Сен аман жүрсін деп...
Әлия І.