Қызғанамын
блог
Қызғанамын сені күннің көзінен,
Қызғанамын сені айнаның өзінен.
Қарамағын айнаға сен, қайтейін?
Бергім келмейді сені ешкімге өзімнен.
Қызғанамын сені соққан самалдан,
Қызғанамын әрбір басқан қадамнан.
Қадам баспай үй ішінде отырғын,
Қызғанамын сені барлық адамнан.
Лаулап жатыр жүрек сені сағынып,
Қазір жүр ғой өз-өзінен қағынып,
Қызғанғанда жолама деп қыздарға
Сені сүйем деп айтып ең ағылып.
Қызғанамын бәрі бірде өзіңді,
Бір күн келіп түсінерсің сезімді.
Өзге жанға қарап тұрсаң егер сен
Қызғанамын мөлдіреген көзіңді.
Қызғанбаймын қалай сендей асылды,
Өткізгендей талай-талай ғасырды
Сағынамын, қызғанамын мен сенің,
Қою қалың әп-әдемі қасыңды.
Ұстатпашы сен ешкімге шашыңды,
Ұстатар деп жүрек соған ашынды
Жасап жатқан қылығыңа қайранмын,
Қызғанышым мені қатты басынды.
Қызғанамын сенің қыпша беліңді,
Қызғанамын бал татитын ерінді.
Шайтандайын сеніміме кіріп ап
Неге ғана таптап кеттің сенімді?
Өзге жанның құшағына бара ғой,
Сол бақшада әуеніңді сала ғой.
Қызғанайын, қызғанбайын әйтседе
Сен-ақ осы, бақытты жан бола ғой.