Қызғанам

Көк сеңгірге көз салады құз қарап.

Ақ бұлттар жүр құз басында мұз жалап.

Қызғанышпен сілтерме деп қылышын,

Тағдырданда қызғанамын мұзбалақ.

 Ызғарымен тіл қатады күз маған.

Қоңыр күздің көз жасымең мұздаған.

Сүйіктімді сүймеші ақ қар бетінен,

Ақ болсаңда пәк болсаңда қызғанам.

 Ең керекті керектісі сіз маған.

Сізсіз маған тағдырды аллаһ сызбаған.

Менен бұрын сүйерме деп бетіңнен,

Сар даланың самалынан қызғанам.

 Қызықтырып қараса егер қыз маған.

Қызғанышым құрып кетсін қызбаған.

Мойыныңа саларма деп құрығын,

Зымыраған уақыттан қызғанам.



Бөлісу: