Қызғалдақ

Қызғалдақ
жеке
блог

Жаздың жайма шуақ күндерінің бірі еді. Күн айналаға өз нұрын шашып тұр. Неге екені белгісіз, бүгінгі күн басқа күндерге қарағанда әлдеқайда өзгеше, ерекше болып тұр. Мен таң атысымен табиғат аясына серуендеп жүрмін. Жаз келісімен айнала жап - жасыл түске оранып, гүлдер жайқалып өсуде. Мен сол гүлдерге бет алып келемін. Осы қаптаған гүлдердің ішінде мені өз - өзіне шақырып тұрған әдемі гүлге бет алдым. Бұл - қызғалдақ гүлі еді. Ол өзінің әдемілігімен, керемет қас - қалпымен мені өз - өзіне еріксіз баурап алды. Ол гүлдің қып - қызыл түсі, сұп - сұлу бейнесі ең алғаш менің көзіме түскен еді. Мен қызғалдақ гүлін үзіп алып кеш батқанша сол гүлді өз қолымнан тастаған емеспін. Неге екенін білмеймін, бірақ осы бір қызғалдақ мен үшін ерекше сұлулықтың, әдеміліктің, нәзіктіктің символы сынды.

 

 

                                                                                           Нысанбаева Аружан 

                                                                                            9 сынып оқушысы