Көзден ақса мөлдір тамшы жасыңдағы,Жібіп кетер жүректегі тасымдағы.Дауыл соғып сол күндерде құласамда,Жүре берсем күресіп-ақ қасыңдағы.
Кеттім сол күн ауырласып басымдағы,Уды бермейм десіп саған асымдағы.Сағынамын бұл күн тек бір күлісіңді,Түсіретін бар қырауды қасымдағы.
Бейнең ерек, өзің ерек Перизатым,Арылып-ап балалықтан кері жаттым.Аңсауменен қолыңдағы жылуыңды,Арам у мен, қайғы-құса бәрін таттым.
Іздеп келем құйып берген саумалыңды,Көзәйнекпен қара көзді жауғаныңды.Гүлдер гүлдеп, қайта түлеп талайдағы,Араладым кездесер деп бауларымды.
Енді тапқан боларсың сен бақытыңды,Бақытты бол! Жібермей-ақ уақытыңды.Ажал келіп, қайта тусам қияметте,Сұрармын-ау бір Алладан бақ-құтымды.
ТӨРЕХАН Арыстан