Қыздарының өмірін "ертегіге" айналдырған әке
блог
Кім айтты өмірде таңғажайыптар мен ертегі әлеміне орын жоқ деп? Бар болғанда қандай! Төрт қызыңыз бен фотоаппаратыңыз болса, фотошопты игерсеңіз және қиялыңызға ерік берсеңіз, бәрі де мүмкін. Швейцариялық азамат Джон Вильгелм 1970 жылы 21 тамызда фотографтардың отбасында дүниеге келген. Бала кезінен фотоаппаратты серік етіп, өзі әке болған шақта қыздарының альбомын ерекше суреттермен толтыруда. Өзі түсірген қарапайым суреттерден таңғажайып туындылар жасап, ғаламтор қолданушыларын тамсандырып жатыр. IT маманы болып жұмыс жасайтын фотограф қалған уақытын отбасына арнап, әрі сүйікті ісімен айналысады. Балаларының және табиғаттың әр сәтін қызықты кадрге айналдыра білетін қамқор әкенің жұмысымен танысамын десеңіз, мархабат!
"Аш болсаң, өз-өзіңе ұқсамайсың"
"Анамды енді түсіне бастағандаймын"
"Ал тауып көріңдер"
"Көктемге дайындық"