-Мама, осы аталар апалардан ерте өледі ма?- дейді қызым
-Иә, көбіне солай – дедім. Кейіннен осы сұрақ қызымның миына қайдан келді, неге осы сұрақты қойды?- деп ойланып:
-Қызым, неге сұрадың –дедім. Сөйтсем ол :
-Сенің күйеуің-папам, Апамның күйеуі-атам, Әженің –күйеуі кім? Ол да –ата ма? Неге оның папа, ата деген сияқты аты жоқ?-дейді. Расында да ойланып қалдым.
Қызыма барған сайын бір, екі ағылшын сөзін үйретіп кетемін. Өткенде автобус пен көлікті үйретіп кеткенмін. Келесі күні мамам звондайды. Мына қызға не үйреткенсің. Ербол жездеңе (мамамның күйеу баласы) Сенің басың жоқ депті. Кім олай айтты десе «мамам» депті- деп ренішін білдірді. Біраз түсінбей тұрдым да, кейін ойыма түсті. Автобусты ағылшынша bus дейтін еді. Соны үйреткенмін. Сөйтсем қызым автобусы жоқтарға барып «сендердің бастарың жоқ, мамам айтты» деп жүр екен.
Кіші қызым «таза» бандит. Өткенде үлкені бода-бода болып жылап келе береді, досы ұрды деп. Сөйтсе кіші қызымның ашуы келді ме, швабраны ала сала «Быт-шытын шығарам» деп күбірлеп жүгіріп бара жатыр. Қолынан әзер жұлып алдым. Сонда да бой бермей көшеге кеткен. Барса барсын деп жайына қойдым, себебі бір емес екі емес қайта қайта ұра берген соң, ашуға тиіп. Бір кезде келе жатыр екеуі. Алынды кішісі қызара бөртіп, ерні шошайып келе жатыр. Артында үлкені. Мәәәз, күлімдеп, кек алып рахаттаныыып келе жатыр. Кезінде мені ұрған МАША қызды да әпкеме айтқанда осылай өш алып берер ме еді деп қоям өзімше.
Балалы үйдің ұрлығы жатпайды деген рас-ау. Мамамыздың танысы болатын. Өзі қап-қара кісі. Ерекше қара. Елдің бәрі "қара қатын" деген соң, біз де солай деп кеттік. Өткене қонаққа келіп еді, қызым жүгіріп шығып: Тәте "қара қатын" деген сіз ба- деді.
Ана кісі де қысылып "Иә қызым, қара қатын деген мен" деп мамама қарады. Мамам да ұяттан жерге кірердей болды- ау бір.