Қыздарға кеңес

Қыздарға кеңес
жеке
блог

Қазіргі кезде, ажырасулар көбеюде. Әрине, оған екеудің де қатысы бар. Бір басты себеп  ұлттық тәрбиенің әлсіреуі екені де даусыз.  Салт-дәстүріміз мыңдаған жылдар бойы жинаған халқымыздың тәжірбиелер жиынтығы ғой. Сондықтан, оның өз игілігімізге пайдалы тұстары көп.  Нәзік жандылар үшін, ұлттық тәрбиеден алынған кеңестерді топтап едім. Қосатындарыңыз болса, қоса жатарсыздар. Бұл көптеген қыздар мен әйелдердің бақытты болуына бір себеп болар деп үміттенемін.   

  1. күйеуіңді сыйла, себебі ер адам жанұяның басшысы;
  2. күйеуіңе шүкіршілік ет, себебі «ол, ер адамдар ішіндегі саған лайықты жар»;
  3. күйеуіңнің алдында әрдайым күтініп, сәнді болуға тырыс;
  4. күйеуіңмен арадағы сырды басқа ешкімге жариялама;
  5. күйеуіңнің тапсырған аманатына берік бол;
  6. күйеуің тапқан мал-дүниеге қанағат ет;
  7. күйеуің бір нәрсеге ашу шақырса, үндемей сабыр ет;
  8. күйеуің төсекке шақырса,  лайықты себеп болмаса,  бас тартпа және ықыласты бол;
  9. ата-енеңді сыйла, күйеуіңнің туыстарын, өзіңнің екінші жанұяң ретінде қабылда;
  10. қай шаруа істесең де, өзімнің жұмысым деп істе, ешкіммен сатыспа.