Қыздарға арналған пайдалы кеңестер
блог
Бұл пост қыздарға қызықты болатынына сенімдімін.
1. Көз микробтарға өте сезімтал, сондықтан тек өзіңіздің жеке тушыңызбен қолдану керек. Өзге адамдардың бояуын пайдаланып, көзге инфекция кіргізу қаупі бар.
2. Ұйықтар алдыңда міндетті түрде бет терісін ылғандыру керек. Сонда теріңіз мінсіз көрініп, бояу бетте жақсы әрі ұзақ сақталады.
3. Тым қатты боялған көздер табиғи болып көрінбейді. Ал табиғи сұлулық әр уақытта сәнде болады.
4. Міндетті түрде ерінге арналған бальзам жағыңыз. Сонда ерніңіз сау және далап жақсы жағылып, әдемі болып көрінеді.
5. Өте маңызды кеңес, ұйықтар алдында міндетті түрде бояуды өшіру қажет. Өйткені бояу адамды тез қартайтады.
6. Ашылған опаны 6 айдан көп пайдаланбау қажет.
Тағы көп кеңестерді келесі поста жазармын. Ал, қыздар, сіздер қандай пайдалы кеңістерді білесіз?