Қыздарға арналады
блог
Сол баяғы арықтау туралы. Ақыл айтпаймын, білгеніммен бөлісемін. Сонымен, арықтау үшін алдымен адам өзін сәл де болса АРЫҚ сезінуі тиіс. «Мен толықсып барамын» дей берсеңіз арықтамайсыз. Болды, ертеңнен бастап диетаға отырамын, ешнәрсе жемеймін деп, күні ертең-ақ қалай көп жеп қойғаныңызды білмей қалған кездеріңіз көп болған шығар. Арық сезіну үшін күніне арнайы уақытыңызды бөліп, спорт жаттығуларын жасаңыз, ерінсеңіз билеңіз. Алғашында екі-үш минут, келесі күні бес минут билерсіз, өзіңізді жеңіл сезінген сайын уақытты да көп бөле түсесіз. Өзіңізді ап-арық сезіне бастайсыз.
Тәттіден бас тарту қолыңыздан келмей қойды ма? Оны сусынмен (көк шаймен, қара шаймен) бірге жеңіз. Сонда тез тойып қаласыз. Мүлдем бас тартқыңыз келсе, кептірілген өрікпен (курага) алмастыруға болады.
Енді бірнеше диета түрлерін ұсынып көрейін, бірін білсеңіз, бірін білмейтін боларсыз.
- Лимон шырынын сығып алу. Оған минералды сарыағаш (не басқа газды су 1.5л) қосу. Дайын болған сусынды тамақтанар алдында, шөлдеген кезіңізде ішсеңіз болады. Дәмі күшті.
- Күрішті суға қайнатып, суын бөлек, күрішін бөлек ыдысқа салу. Иісі жағымсыздау болса да, суын ішіңіз. Бұл диетада калориясы көп барлық тағамнан бас тартасыз. Күрішке тек қана айран қосып жеуді үйреніп алыңыз.
- Жазда көп көмектесетін диета. Тек қана қарбыз жеу. Әрі тойымды, әрі бірден-бір май ыдыратушы.
- Шайды қантсыз, сүтсіз ішіңіз. Әйтпесе, бетіңіз толып кетеді. Дұрысы, үш мезгіл көк шай ішу.
- Суға қайнатылған гречка.
- Ең күштісі алма мен айран. Қарныңыз аша берсе, аздап салат жеуге болады.
- Ыстық тамақсыз асқазанымды ауыртып аламын десеңіз тамақтанардан бес минут бұрын, тамақ ішкеннен қырық минут кейін су ішіңіз.
Грейпфрут артық салмақтан арылуға көмектесетінін білетін боларсыз. Бірақ будандастырылған өсімдік қызға зиян. Ұрпақ жалғастыра алмау қаупін туғызады.
Сіздің диетада екеніңізді ешкім білмей-ақ қойсын. Диета міндетті түрде бір-екі күн бұзылып тұрады. Сондай кезде өзге адамдардың «Сен диетада едің ғой» деген сөздері келесі күні жалғастыруға кері әсерін тигізеді.
Күн сайын арықтау туралы мәліметтер оқи беруден жалықпаңыз, мақсатыңыз үнемі есіңізде болады.
«Аллаһ елшісі: «Ауқаттанған кезде асқазанның үштен бірін – тамаққа, үштен бірін – суға, үштен бірін – ауаға қалдырыңдар. Асқазан толып тұрса, Аллаһтың ашуы келеді», – дейді.
Осы мәндес басқа хадистер де бар:
«Үмбетім жайында ең қорқатын нәрселерім: қарын салу мен көп ұйқы. Жалқаулық пен «яқин» әлсіздігі».
Өмірін бақыламай, өз-өзіне есеп бермей, ғұмырының көбін ұйқымен өткізген адамның семіретіні белгілі. Адам толған сайын тамақсау болады. Нәтижесінде, мешкей адам маубасқа айналады әрі салғырттыққа, бойкүйездікке бой алдырады. Мұндай адамда сөзсіз «яқин» болмайды... Осындай жаман әдеттерге Аллаһ елшісі қырын қараған».
Фетхуллаһ ГҮЛЕН «Мұхаммед пайғамбар - ғаламның рақым нұры» кітабынан.
Тамаққа нәпсіңізді тия алмаған кезіңізде осы сөздерді есіңізге алыңыз.
Өзіңіздің білетініңізді өзіңізге айтып берген материал болып шықса, уақытыңызды алғаныма кешірім сұраймын.