Қыздардың түрлері

Қыздардың түрлері
жеке
блог

Қыз деген - гүл. Қызғалдақ. Бірақ кей гүлдің тікені бар, кей гүлдікі жоқ. Қазақ қалай тауып айтқан: "Қыз кезінде бәрі әдемі, жаман әйел қайдан шығады?". 

Сонымен мен қыз баласын зерттеп, бақылай жүріп, мынадай ойға келдім:

Өзінің бағасын білетін, жоғары білімі бар, тапқан-таянғанын отбасы, ата-анасымен бөлісетін, жанашыр, ақылды қыз. Жігіттерге осындай қыздар көбіне ұнайды. Жігіттер шаңырақ құрғанда үй берекесін келтіріп отыратын қызға кезіксем деп армандайды. 

Карьера баспалдағымен белгілі бір жетістікке жеткен, жағдайы өзі сияқты жігітті армандайтын жұмысбасты қыз. Олар көбіне өз-өзін күтіп, демалыста шетелге саяхаттап, көп жігітті көзіне іле бермейді. 

Белгілі бір хоббиіне басымен беріліп кеткен қыз. Ондай қыздар мәселен шетел әншісінің фанаткасы болып сол сияқты киініп, соған еліктеп өмір сүреді. Немесе бимен, қолөнермен т.б. қатты әуестенсе, хоббиіне көп уақыт бөледі. Және хоббиі өзінікі сияқты жігітке ғана назар салады. 

Нағыз болашақ абзал аналар. Бұл қыздар тамақтың түр-түрін жасай біліп, үй шаруасына икемді келеді, өмірінің мәні - отбасын құрып, бала сүю деп біледі. Жақсы жарға жолығу жолында бәрін қиюға бар, тіпті жары "үйде отыр" деп талап қойса, істеп жүрген жұмысын тастап кетуге бар. 

Өз-өзіне күтіммен қарайтын, соңғы сән үлгісімен киінетін, кафе, клубтан шықпайтын, темекі шегетін, арақ ішетін, бір күнмен өмір сүретін, бір сөзбен айтқанда, өзіне еш тыйым салмайтын қыз. Бұл қыздар көбіне жалғызбасты болып келеді, өйткені көп жігіттің таңдауы басқа.

Материалдық қиындық көрмеген, үнемі салтанатты болып жүретін сәнді, шет тілімен әуестенетін қыздар. Олар көбіне материалдық жағдайы өзімен тең жігітке тұрмысқа шығады.

Қазақы тәрбиелі қыздар. Иә, ондай қыздар бар. Ұлттық дәстүрді қатаң сақтаған отбасыдан шыққан қыз салт-дәстүрге судай болып келеді. Домбыра шерте біледі, қазақы әшекей таққанды жақсы көреді. Ұлттық тәрбие туралы мақалалар жазады. 

Жай ғана өте сұлу қыздар. Табиғат қыздарға сұлулық берген. Ал кей қыздарға ерекше сұлулық берген. Ол қыздар сұлулығының арқасында ғана көп нәрсеге жетеді. 

Қыздарды, жалпы адамдарды бөлу, жіктеу дұрыс нәрсе емес, бірақ байқап қарасаңыз, қыздардың бәрі бір-біріне қатты ұқсайды. Сіздер қалай ойлайсыздар, құрметті достарым? Ой қосайық. 

Сөз соңында қыздың бәрі сұлу, бәрі бақытты болуға лайық, тек көңілін тапсаң болғаны дегенді айтқым келеді. 

Сурет вк-дан