Қыздардың оқуына болмайтын мақала

Бала күнгі қылықтарым есіме түсіп отыр..

Анамның: "үйге қонақтар келгенде дастарханға қоямыз, жеуші болма",- деп жәшіктеп қойып қойған тәттілерін жеп қоя беретін едім. Балалығым болар анамның айтқандары есімде бола тұра, кейін ренжитінін іштей сезсем де, сол қылығымды қоя алмап едім.

Мектепте жүргенде ұстаздарым басқа балаларға қарағанда мені ерекше жақсы көретін. Кей кездері кінәлі болып қалғанымда оңайлықпен кешіре салғанына сыныптастарымның алдында ұялатынмын-да. Мұғалімнің, -бүгін кезекшісің, сыныпты жинап кет; таңертең 9 да кел,қосымша сабақ өткіземін; еден жуған суды талдың түбіне емес мектеп ауласынан сыртқары төк- деген тапсырмаларын керісінше орындайтынмын.

Әжем де әрқашан менің қамымды ойлап жүретін. Далаға ойнауға шығып бара жатқанда, -қар жеуші болма, тамағың ауырады- деп айтқан сөзінен кейін ғана ақ ұлпаға деген қызығушылығым аяқ астынан оянып, әжемнің көзін ала асап жіберетін едім...

Осының барлығын ойлап отырсам, басыма бір қызық ой келеді. Неліктен біз осы кей кездері тыйым салынған әрекеттерді қасақана түрде жасаймыз. Қорабындағы "темекі шегу денсаулыққа зиян" деген жазуды оқи тұра неліктен адамдар темекі шегеді.Конституцияның жазылған қағидаларын айтпағанның өзінде, табиғат ананың жазылмаған заңдарын неліктен аттап өте береміз. Жарымжан кісілерге қол ұшын созудың орнына, қоғамға зияны тиер іс істейін деп тұрған кезде неліктен анамыздың "олай істеме, жаман болады" деген сөзін естен шығарып аламыз. Неліктен, алла тағаланың алдында жауап беретінімізді біле тұра, күнәлі іс жасаймыз?!

Бағамдап отырсам, осының барлығы бала күнімдегі анамның сақтап қойған кәмпиттерін жеп қойғаннан бастап бойымда қалыптасып қалған әдет шығар деп ойлаймын.. Сондайда әкемнің қатал үнмен айтқан сөздері есіме түсіп кете береді: "сен бүгін тәттілерді жеп қана қойған жоқсың, шешеңнің айтқан сөздерін де аттап кеттің. Жасында анасының сөзін аттап кеткен адам, есейгенде құдайшылық пен адамшылыққа да пысқырмайды. Бүгіннен бастап бұл қылығыңды қой!"- деп ескертетін. Ертеңгі күні ұрпағымызға кесір боп тиер жат қылықтардан бүгіннен бастап арылайық!!

P.S. айтпақшы, осы мақаланы қанша қыз оқыды екен!?



Бөлісу: