Салем, қыздар қауымы! Сіз әрқашан көрікті болуды қалайсыз ба?
Жұмыртқадан жасалатын бет маскасын ұсынамын.Әйел заты үшін ең бастысы бет күтімі.Үнемі маска жасап жүргіңіз келсе,үйден әрдайым табылатын заттармен жасаған жөн.
1.Жұмыртқаның ақуызын құрғатпай жағыңыз.Бетіңіздегі дақтарды кетіріп,теріні жасартуға көмектеседі.Сонымен қатар А, В, Д, Е тағы басқа да витаминдер кешені
2.Айталық жұмыртқаның сарыуызыменде маска істеуге болады.Беттің қартаюын бәсеңдетеді.Күніне екі мезгіл,таңғы және түнгі уақыттағы бет күтімі жақсы нәтиже береріне сенімдімін.
Осы орайда сіздермен бала кезімдегі тентектігіммен бөліскенді жөн санадым.Күз мезгілі.Үйде газ жоқ-тын.Сүйікті тағамым жұмыртқаны жегім келіп, анама "маған жұмыртқа беріңізші" дедім.Сосын анашым 10 шақты жұмыртқаны қолыма ұстатып,екі көше ары тұратын апкемнің үйіне бар.Жұмыртқаларларды қуырып беруін сұра деп тапсырды.Апкемнің үйіндегі жеңгем "қуырайын ба қайнатайын ба?" деп сұрағанда,мен қайната беріңіз дедім.10-15 минутта дайын болатынын айтты.Қайнатылған 10 жұмыртқаны үйге алып қайттым.Үйдегі анашым жұмырқаларға бір қарап,маған бір қарап біраз күліп-күліп алғаны бар.Сонда ғана жұмыртқаның қуырылғаны мен қайнатылғаны екі бөлек тағам екенін білгенмін.