Қыздар немесе жігіттер...

Қыздар немесе жігіттер...
жеке
блог

 Мен он төрт жасқа келгенде барлық жасөспірімдерге таныс проблемаға тап болдым. Ол, әрине, гигиенаға байланысты. Гормондардың өзгеруіне байланысты маңдай тұсы, мұрынның жаны, яғни, көздің төменгі бөлігі қызара бөртіп, безеу қаптап кеткен болатын. Айнаның алдында түрлі өнер көрсету - барша жасөспірімдердің сүйікті ісі деп ойлаймын. Қысқасы, сіздерге берер бірнеше кеңісім бар еді. Бет терісі өте сезімтал. Бірінікі құрғақ, бірінікі майлы болады. Сіздерге қарапайым банан жемісі мен картоп көкенісі көмекке келеді. Банан жемісінің қабығымен массажды түрде сүртіп  он бес минут күтесіз. Бет құрғаған сәтте қанжылым сумен шайыңыз. Балаларға арналған крем керемет брендтеріңізден асып түсетінін еске саламын. 

Ал картоп көкенісін ашып тазалайсыз. Көкеністің бойында крахмал бар екендігіне назар аударыңыздар. тазаланған картопты тёркадан өткізіп, суына шылай отырып, бетіңізге жағасыз. Он немесе он бес минут күтіп жылы емес, қанжылым сумен шайыңыз. Бетіңіз біршама құрғақ күйге енеді. Жұқалап крем жағып, тәтті ұйқыға кетесіз. Таңертең бетіңіздің қызарғаны басылып, көңіл-күйіңіз де көтеріліп қалатыны анық. 

  Ақпарат сіздерге өз көмегін тигізеді деген үміттемін!