7 наурыз 8 наурыздың алдындағы қызметтестер, группластар, жәй таныстар алдындағы "уәжібіңді" орындайтын күн. Жаңа Madi ағайымның әңгімесінен кейін студент шақтағы бір оқиға есіме түсіп кетті. Ол үшін Aigerim группаласым ұялатын шығар, бірақ өтіп кетті ғой қашан. 1 -шы курста оқып жүрген кезіміз. Группада 8 қыз 3 баламыз (мен, Еркеғали және Bagdat), кураторымызды қосқанда 4 еркекпіз )). Дәл осы көктемнің алғашқы күні келген уақытта мазамыз қашты, әлгі группадағы 8 қызға мейрамда не ұйымдастырамыз деп. Содан 6 наурыз күні сабақтан шыққаннан кейін Тұран деген кафеге барып, қыздарға түскі ас аперіп, құттықтап, кішігірім ырымын жасап қайттық. Мойындағы бір міндеттен құтылдық деп мәзбіз. Ендігі кезек біздің мейрамда. 1 мамыр келді, қыздарда былай емеурін байқалмайды. 5,6 мамыр қыздарымызда әлі үнсіз. 7 мамыр сол күйі жым-жырт қалды. Куратор ағайда аң-таң, бізде аң-таң. Осылай 1 курста группалас қыздарымыз жәмән лақтырывед!
пысы: тағы қашан лақтырғандары есімде жоқ, сол кезде бірінші және соңғы рет болды ау. құдай-ау қайда сол жылдар... студенттік өмір, қызыққа толы шақтар...