Сәлем, сәлем Қазақстан! Бүгін кішкене болса да блог бағытын өзгертуді жөн көрдім. Кейде адамдарды бір бағытпен жалықтырып жібереді екенсін. Сол себепті осындай бір қызықты тақырыпты таңдап алдым. Бұл жерде менің ғана жеке ойым және өздеріңізге қатты қабылдамаңыздар. Massaget.kz сайтында бұл жайлы бірнеше тақырып жазылған екен. Ол тақырыптың авторлары әрине қыздар :))) Мен бұл жайлы жігіттердің көзімен қарап, қызықты қылып ашуға тырысамын. Бұл блогтың атына қарап барлықтарыңыз маған қарсы шықпаңыздар. Себебі, барлық қыздарға қатысты емес :) Ал, кеттік!
Британдық бір телекомпанияның жүргізілген сауалнамасы бойынша, қыздардың үштен бір бөлігі үйден макияжсыз шықпайды екен. Ал, төрттен бір бөлігі макияжды 2-3 сағат сайын дұрыстап отырады екен. Осы бір қызықты материалды оқыған соң, менде өзімнің ғылыми жұмысымды бастап кеттім :))) Жанымда жүрген қызым, қарындастарымды, тәтелерімді қарап отырсам, барлығы дәл солай істейді екен. Менің бұған толықтай көзім жетті. Ал, кейбір қыздарға макияжсыз күн - ол ең қаралы күн болуы мүмкін. Қыздардың өмірінде макияждың алатын орыны ерекше десем қателеспеймін. Мені тағы бір таң қалдырғаны, дүние жүзіндегі әр қыз жігіттің көзінше әдемі емес, қыздардың көзінше әдемі болғанын қалайды екен. Бұл жүргізілген сауалнама бойынша жазылған пікір. Мен кішкене болса да бұл пікірмен келісемін. Толықтай келісем десем, мені қыздар жеп қоятын сияқты :) Қыздар да ішінен бұл оймен келісіп, бірақ бұл фактты сырттай мойындамайды. Бұл жерде қыздардың арасындағы бәсекелестіктің кесірінен бояну әдетке айналып бара жатыр. Бірақ, қазіргі жігіттерді жақсы боянғанмен таң қалдыра алмайсын.
Менің жеке ойым бойынша қыздар косметикаға тәуелді болып қалған сияқты. Біз ұялы телефонымызға қалай тәуелдіміз, қыздар да сол косметикаға, макияжға тәуелді секілді көрінеді. Өйткені, қыз кішкентай кезінен бастап анасының қалай боянғанын көріп, сол кезден бастап бояна бастайды. Бұл әрине тәуелділікке алып келеді. Егер анасы макияжға қатты көңіл аудармаса, қызда аса қатты мән бермейді. Менің ойымша ананың бұл процесте алатын орыны ерекше. Өз басым қатты боянып алған қыздарды ұната қоймаймын. Боянса да талғаммен боянғанын қалаймын. Табиғи сұлулыққа не жетсін шіркін!?
Қорытындылай келе, қыздар тым қатты боянбаңыздар. Боянамын деп өз денсаулығыңызды құртып алмаңыздар. Біз сіздердің макияжсыз әдемі болғандарыңызды қалаймыз :)