Қыздар, футбол сендердің не теңдерің? (с)

 Стадионға әр барған сайын адамдардың саналары, ойлау қабілеттері әр түрлі екендігіне көз жеткіземін. Әрине, мұндайды тек стадионда емес, барлық жерде кездестіруге болады. Бірақ, мен стадиондағы «жамағат» туралы айтқанды жөн көріп отырмын.

 ҚР Кубогы үшін «Астана» - «Қайрат» арасындағы матчқа барғанымда жанымдағы ер кісілермен сөзге келісіп қалдым. Белгілі себептерге  байланысты ойынға кешігіп  бардым. Мен барғанша ойын басталып кетіпті. Не нәрсені болса да басынан бастап көрген қызық қой. Кешіктім деп асығып есіктен кіріп бара жатқанымда, бір ағай иығымен қағып кетті. Жарайды, іштей жынданғаныммен, ол да мен сияқты асыққан ғой деп сабама түстім. Ойынның 10-минутында стадионға кіріп келдім де, бос тұрған жерге, нақтырақ «Қайраттың» жанкүйерлерінің жанына барып жайғастым. (Жыл бойы ҚПЛ чемпионы «Қайрат» болады деп ойлағам. Сосын Чемпиондықты алмады ғой, тым болмаса, кубог иегері болса екен деп, бұ жолы «Қайратты» қолдап отырдым. А так «Ордабасы» ғой) Айналамда толған ер кісілер. Бірінші таймда «Астана» жеңді. Сомен үзіліс болғанда отырсам, жаңағы жанымдағы жігіттер апыл-ғұпыл асығып, аяғымнан таптап бара жатыр. Бір емес, екі емес. Жаным темірден емес қой) «Қайда бара жатырсың аяғымды таптап? Адам сияқты айтсаң, өткізіп жіберемін ғой!» деп, жекіріп тұрмын. Бәрі қарқылдап күліп, «қыздарға футбол не теңдерің? Отырмайсыңдар ма үйлеріңде? Осы қыздар стадионға футболистерге емес, біз үшін келетін сияқты, ахахахаха» деп мәз болып кетіп бара жатыр. «Қыздар стадионға футболистерге емес, біз үшін келетін сияқты». Осы сөзді естігеннен кейін, қой, осындай адамдармен айғайласып тұрғаным жарамас деп, жөніме отырдым. Бұл жерде кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс?!

Бір жынымның келетіні, мұндай жағдай бірінші рет емес. Бұлай ойлау сананың төмендігі емес пе (менің ойымша)? Қыздар сонда адам сияқты футбол көре алмай ма, ел қатарлы? Әлде, стадионға тек ер адамдар барсын деген заң бар ма? Әлде, стадионда жолыққан қыздарға иек астымен қарау ерлер арасында сән бе?

Ал енді, жоғарыдағы сұрағымды сіздерге қояайыншы. Қыздар не үшін футболға барады деп ойлайсыз? Төмендегі  төрт нұсқаның  бірін жаза кетіңіз) 

1. Футбол көруге.

2. Футболистерді көруге.

3. Өзін-өзі көрсетуге (внимание ғой былайша айтқанда)

4. Селфи жасауға.

Әрине, бес саусақ бірдей емес деп, ұлдарды ақтап алғың келеді. Бірақ, жігіттер, мойындаңдаршы, сендер де «Қыздар футболға не үшін барады?» деп, барған қыздарды жақтырмай отырасыңдар ғой.

P.S. Менің тілегім орындалып, «Қайрат» кубог алды. Құтты болсын, Алматылықтар!

Сурет today.kz алынды. 

 



Бөлісу: