Қыздар болмаса қайтесің, жігіттер болмаса ше?..
блог
Ойланып қарасақ, көбіміздің бойымызда қыздар мен жігіттер жайлы стереотиптер қалыптасқан. "Жігіттердің бәрі бірдей, арам, эгоист, кішкене бала сияқты, осы күні жігіттер майдаланып кеткен, ұлы істерді жасай алмайды және т.с.с" деп ойлайтын қыздар жетерлік. Және де "Қыздардың бәрі бірдей, байлыққұмар, оларға тек ақша керек, бұзылған, осы күні дені дұрыс қыз қалмады ғой, темекі шегеді, ішеді және т.с.с" деп ойлайтын жігіттер де көп.
Қыздар - қыздарды жақтауда, ал жігіттер басқа біреудің стереотипінен жаман атты болып жүргенде табиғаттың дисбалансы бұзылғандай. Неге біз Құдайдың жаратқан адамын жек көруіміз керек? Егер қыздар болмаса, жігіттер болмаса адамдар дамымай, табиғи процесс бұзылады ғой. Жақсы болсын, жаман болсын адам басқа адам баласына қарапайым жаратылыс, құдайдың құлы деп қабылдауы керек емес пе? Және де жігіттер жаратылсын, қыздар жаратылысын толықтай мойындап, сыйластықпен қарай білуіміз керек деп ойлаймын.
Бұл әлемде ешкім идеалды емес. Бірақ табиғатта мүлде идеалдылық жоқ деуден де аулақпын. Сен үшін идеалды, сен үшін ең керемет адам бар болуы әбден мүмкін. Алайда ондай адамға сен өзің лайық болуың керексің. Ал әзірге бес сауақ бірдей емес!