Қыз сені жақсы көретіндей не сыйлау керек?
блог
Армысыздар, құрметті жақсылар! Жұмбақ жасырсам қалай қарайсыз?.. Негізі көпті көрген даналармен анда-санда сөйлесіп тұру керек екен. Неше түрлі қалжыңға толы оқиғалар мен ащы шындықты естіп қаламыз. Мұхтар Әуезов айтқандай: «Естігенімді айтсам, өтірік болар. Сондықтан көргенімді айтайын». Кейіпкерім осы қағиданы ұстанатын жан. Сөйтіп, тақырыптан ауытқымай жұмбағымды жасырайын.
Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде… деп бастап кетсем қызық болар еді. Бір әп-әдемі, тепсе темір үзетін «современный» жігіт болыпты. Қыпша бел қыздардың барлығы ғашық енді. Жігіт оларды көңіліне елемейді. Аялдамадан өтіп бара жатқанда бұрын танитын таныс қызды көріп, сүйіп қалады. Бір көргеннен ғашық болды делік. Күнде сөйлеседі, сезімін білдіреді. Ғашықтық дертіне душар болады. Бірақ қыз жігітке мүлдем қарамайды. Сонда жігіттің алғырлығы оған бірдеңе сыйлайды. Осы сыйлықтың арқасында "қыз жігітті жақсы көріп кетеді". Енді, сұрақ: Жігіт қызға не сыйлады?