Қыз өссе, елдің көркі...

Қыз өссе, елдің көркі...
жеке
блог

"Қыз өссе елдің көркі" тақырыбында жазба жазбақ болдым. Менің таң қалатыным қазіргі 16-22 жас аралығындағы қыздар. Олардың киген киімдері, өзінше біреуге ұқсағысы келген түріне қайран қалам. Бастарында малақай жоқ. Қолдарында темекі, сыра. Содан ауырады ғой.

Қыз баланың орынсыз жүруі, кешке шығып, таңда үйге кіріп жатуы, ата-анасының айтқанына мән бермеуі мұның аяғы жақсылыққа әкелмейді. Біз қазақ деген халық – ұяңдаумыз ғой. Әсіресе, аналар қыздарымен қай тақырыпта болмасын ашық сырласа білуі керек. Білесің бе қарғам, мен өзімнің тәжірибемде жыныстық қатынасқа түскенде бойға бала бітетінін білмейтін бірнеше бойжеткендерді көріп таңқалғаным бар. Бүгінгінің ұрпағы бәрін білді ғой. Дегенмен де, қыз баланың ары мен абыройы, болашақ жарқын күні үшін де осылардың алдын алғанымыз жөн. Бірақ әрение бәрі ондай емес! Таза қазақ қыздарыда бар.Олар қазіргі қыздар, ертен бір үйдін түтінін түтететін, бір қолымен бесікті тербететін ана екенін түсінеді. Менін тілерім қыздардың инабатты, ибалы, аздап ұялшақтау болғанын қалаймын. Және аналарымыздың өз қыздарына жақсы тәрбие беріп, сырласуын тілеймін.