ҚЫЗ МҰҢЫ

Өмірімнің өзегі боп, өрнектері,
Жанымды жылы сезім,тербеткені,
Ақ арманның жетегінде жүретұғын
Қазақтың бір қызы еді,бойжеткені.
Ақ Жайық, арнасы кең, жар қабақты
Дендердің сағасымен, сырғып ақты
Фариза апам, айтпақшы"тағдыр оны
Бұрымынан ұстап ап, тайғанатты"
Тайғанатты тым ерте табаныңды,
Жасытпады бірақ та талабыңды.
Анасынан айырды, панасынан
Анасындай айта алар кім-қарағымды?!
Кел, Ақ Жайық!
Тарқасып шер,сырласайық,
Болмайды бойжеткендер,жырласа айып.
Махамбет те,мұң айтқан шығар бәлкім,
Көз жасымды қосақтап,мұңдасайық.
Таңғы нұр, табиғаттың тұнығындай,
Талың тұр, сәби күнгі тұлымыңдай
Каспийге сәлемімді айта баршы
Өрілген арқамдағы бұрымымдай.
-Деп, Ару қыз, серт берді бүгін енді
Қайсарлықпен қанық қып дүйім елді,
Тіреу болып әкеме, қолғанат боп
Қамқоршы боп ініме жүрмін енді.
Мектепті тәмамдармын бестікпенен,
Жетем талай мақсатқа бәстікпеген.
Ақын болу,арманым, еді менің
Желкенің өлең-жырдың есіп келем.
Дарыныңды биіктеу дара сана
Көктем көңіл көктер ме қаласа да?..
Қанатына құстардың сырын іліп,
Мұң шағады бір ару Қарашада....



Бөлісу: