Қыз қылығымен

Қыз қылығымен
жеке
блог

    Қалай басталды. Ғашықпын-ау... уақыт өз жүрісінен жаңылмай жүйткіп өтіп жатыр. Дәл осы сәттерде "олда" сол уақытпен жарыса Н. қаласын бетке алып, жеті қараңғы түнге қарамастан жүйткіп келеді ау... арада ауыз толтырып айтатын уақыт болған жоқ. Әр минут сайын жүрек қағысының жиі өзгеруіне себеп болып келеді.

     Осы аз уақыттың ішінде арамызда қаншама хабарламалар жолданды. Көпшілігіңіз сияқты бізге де коммуникация құралы өз міндетін мүлтіксіз атқарудан жаңылған емес. Әр тақырыпқа ойын еркін еркін жеткізеді, шыншыл әзіл, ерке наз бәрі-бәрі жарасымды. Кейде, астарлы сөзімен алмастай осып жібереді, реті келсе мақтамен бауыздағандай қан шығармай сөзін өткізеді.

      "Сенімен өмір қызықтырақ!" Менің көп қолданатын сөзім. Жігіттің бойындағы ең жаман қасиет - ақталу. Айтарыңды айттың ба, сол сөзіңде тұр, пікіріңді нық ұста. Ал, қыздың алдында ақталу дегенің, енді, өліммен тең нәрсе деп бағалаймын. Мені де "өлтірген" жер осында болып тұр. "Барлығы да өткінші" деп өзімді сендіріп келсем, мәңгілік болуға лайықтың (лайк емес) бар екеніне көз жеткізді. Бірінші рет, (бірнеше рет қайталанды) әңгіменің арасында өте мұқияттылықпен, орнын білдірмей "өлімге" итермелегенде, жан-иманым мұрнымның ұшына кеіп, қармандым да қалдым. Міні құдырет. Әзілден басталған әңгіменің ауанын салмақтылыққа бір пәсте аудара білді. Жігіт басыммен ақталғанды намыс көріп, шындықты мойындаған дұрыс деп шештім. Осы сәттен бастап "құмыраның" тығыны ашылып, қалыпты жағдайға келді.

     Салмақты, терең ойды талап ететін тақырыптағы пікірлерін оқығанда іштей разы болып қаласың. Қиыннан құрастырған сөздерінде шылбырдың тізгінін қолыңа тапсырудан бір жаңылған емес.

     "Болар қыз алдағы үш күндігін ойлайды, болар жігіт алдағы үш жылдығын ойлайды" дейді халық нақылы. Ер-азаматтың ең әлсіз тұсы нәзікжандылар болып табылады. "Жақсы әйел ерінің етектегі басын төрге сүйрейді" деген сөз бар. Қазіргі таңда жақсы жарды таңдай білудің өзі адамға ауыр жүк. Қоғамда орын алып отырған келеңсіз оқиғалардың көпшілігі осы таңдаудың қателігінен орын алып отыр десем жаңылмаспын.

     Қыз қылығымен тәтті. Қазақтай сөзді шебер теңей білетін халық жоқ болар, сірә. "Өмір сенімен қызық дейсің, мені танымастан бұрын қалай болды?" деп сұрайды ғой, әлгі жерде. Ия, тірі адам тіршілігінен жаңылған емес. Қамданбай отырмайды. Бұл сұрақта да шынайылықтан аттап өте алмадым.

      "Махаббатсыз дүние бос". Әні, тағы біреуі кетті. Кейде осы сөздің не үшін айтылғанына мән берместен өте шығамыз. Жоқ, бұл сөз бекер айтылмаған екен. Оны, тек басынан өткендер ғана түйсіне алады. Түйсік деп жатамыз. Түйсік (интуиция) алдамайды. Ешқашан. Тек өзіңіз ұқсата алсаңыз болғаны. Өз өміріңізді жаға арнаға бұру өз қолыңда. Тетігін тапта, бар, қалан!   

пысы: Мені ол өзгертті. Мінекей бүгін сіздердің алдарыңызда ағымнан жарылып отырмын. (басқа өзгерісті өздеріңіз байқай жатарсыздар) Cool