Осыдан бір айдай бұрын театрға баруға жиналып аялдамаға келген едік. Қыздармен әңгімелесіп тұрып дәл алдымда тұрған біреуге көзім түсті бірақ арт жағымен тұр екен. Ішімнен ойладым мынандай стильмен киініп майыса алсам ғой деп. Қолында ұстап тұрған сөмексін де ерекше етіп шынтағына ілген екен. Киімі ашық жасыл түсті. Шаш қойысы қысқа болғанмен өте сәнді. Майысқанына қарап түрін көргім келіп кетті. Осылайша автобус та келіп жетті. Сонда да түрін көру деген ойымнан айнымай артыма қарадым. Сондағы таң қалғанымы көрсеңіздер ғой. Бұл жігіт екен. Жігіт... сенесіздер ме?! Сонда қыздарға бұрылып жаңағы қызды көрдіңдер ме деп қалай айтқанымды өзім де білмей қалдым. Жігіттеріміз неге қызға ұқсап бара жатыр!?Осы ой сол күннен бері мені толғандырып жүр.Сіздер қалай ойлайсыздар?!